Аллергиялық синдром «Аллергия»



бет4/7
Дата11.02.2022
өлшемі22,91 Kb.
#131492
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СИНДРОМ
00081f5b-fa5c2c9e, Гипергликемиялық кома
АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК
Өте қатерлі аллергияның әсерінен пайда болатын анафилактикалық шок аурудың өте жедел асқынуы. Бұл аллергендердің ауру ағзаларына қайта түсуіне байланысты аяқастынан пайда болатын науқас адамның қорғаныштық жауабы болып табылады. Сонымен қатар анафилактикалық шок кезінде бастапқы қозғыштық пен орталық нерв жүйесінің алдымен қозып, кейін тежелумен бронхоспазммен және артериалды қысымының күрт төмендеуімен сыйпатталады.
Себебі: бұл жауап (шок) әртүрлі вакцинамен дәрі-дәрмектер, сол сияқты жаңды-жәндіктердің шағып, улы заттардың қанға қайта енуіне байланысты өрбиді. Көпшілік жағдайда бұрынғы пайдаланган дәрі-дәрмектер: пенициллин, стрептомицин, новокаин, В тобының витаминдері, сульфаниламидтер т.б. қайта қабылдағаннан кейін пайда болады. Аллергиялық аурулардың барлығы дерлік қайсыбір жағдайда осындай асқынуға душар болуы мүмкін. Айта кететін бір жәйт ол шок ішкі ағзаларға түскен аллергендер көлеміне байланысты болмайды.
Өнеш тарылып, асфиксия дамиды, ішке қан көп мөлшерде жыйналады, әсіресе миға қан кетуі қауіпті. Ауыр жағдайда науқас ес-түссіз болып, асфиксия мен жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен аурудың өліп кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет