Аллергиялық синдром «Аллергия»


СОЛ ЖАҚТА ҚАРЫНШАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖЕТІСПЕУШІЛІК СИНДРОМЫ



бет7/7
Дата11.02.2022
өлшемі22,91 Kb.
#131492
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СИНДРОМ
00081f5b-fa5c2c9e, Гипергликемиялық кома
СОЛ ЖАҚТА ҚАРЫНШАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖЕТІСПЕУШІЛІК СИНДРОМЫ
Бүл синдром мына төменде көрсетілген аурулардың зардабынан пайда болады: диффузды миокардит, қолқа ахауы (жетіспеушілігі), сол қарынша мен жүрекше аралық тесіктің тарылуы, гипертония ауруы, жүрек инфарктісі, шамадан тіс физикалық жүктемелердің әсерінен болады.
Аурудың шығуы: көрсетілген жүрек ауруларының бәрі дерлік сол жақ қарыншаның қызметінің әлсіреуіне әкеп соғады. Кейін өкпеде, яғни кіші қан айналымында қанның іркілісі пайда болып, газ алмасу үдерістері бұзылады. Бұндай жағдай көбінесе түнде пайда болады. Бұл жүректің қысылуына әкеп соқтырады. Ауруға ауа жетпей тұншығады. Сілекейлі жабысқақ, көпіршік тәрізді қақырық түседі. Кейін әлсіздік өршіп, науқастан суық тер шығады. Науқас төсекте еріксіз тіке, аяғын төмен салбыратып отыруға мәжбүр болады. Наукастың беті сұрланып көгереді. Кеудеден құрғақ кейде ылғалы сырылдар естіледі, кейде қызыл қан аралас қақырықтың шығуы мүмкін. Жүрек ұшында жүрек дыбыстары әлсіз естіледі де өкпе бағанасында II дыбыс (тон) күшейеді. Жүректен тахикардия, кейде тахиаритмия байқалады. Қан қысымы әртүрлі болады.
Жедел жәрдем.
1. өкпеде қан іркілісі басым болған жағдайда қанға 1-2 мл 0,25% дроперидол жіберіледі
2. қол мен аяққа жгут салып 20-30 минутқа байлау керек, кейін шешіп 20-25 минуттан кейін қайталанады. Мақсат өкпеге венозды қанның келуін азайту.
3. қан шығару (ағызу). Бұл жағдай әсіресе қан қысымы қатты көтерілген науқастарға қолданылады. 400-500 мл қанды қолдан, көк бауырдан (вена) жуан инемен алынады.
4. қанға зәрді көп мөлшерде шығаратын дәрілер жіберіледі. Оларға лазикс 40-250 мг немесе урегит 50-400 мг. Бүл дәрілер 5-10 минутта әсер етеді де 2-3 сағатқа созылады. Қанға маннитол қоса жіберсе зәр шығару шапшаңдайды
5. егер қан қысымы төмен болса, сол жақ қарыншаның жұмысын күшейту үшін мына дәрілерді жібереді: строфантин мен корглюкон т.б. бұндай жағдайда кейде гидрокортизон, преднизолон сияқты гормондық дәрілерде жиі беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет