Аллитерация (лат adlittera дыбыстас) – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонанс



бет3/14
Дата16.05.2022
өлшемі178 Kb.
#143544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Теория

4. Секілді, тәрізді, сияқты сөздерімен тіркесіп келгенде:
Ұяты жоқ жігіт
Жүгенсіз ат секілді.
Ұяты жоқ әйел
Тұзсыз ас секілді.
(Мақал)
Әдеби тілді ажарлаумен қатар, құбылту тәсілі де кездеседі. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл – құбылту, яки троп (грек. tropos – иін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.
Құбылту әрқашанда суреткердің идеялық мақсатына, эстетикалық мұратына қызмет ететін тәсіл.
Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яки метафора (грек. metaphora – көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Гималай – көктің кіндігі.
Гималай – жердің түндігі.
(І. Жансүгіров)
Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап,
Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ.
(Ә. Сәрсенбаев)
Бірінші мысалдағы метафора Гималайды біресе “көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне” балап, әншейін бір жер атын қолма-қол заттандырып, тауға көл-көсір мағына берсе, екінші мысалдағы ауыстырулар қырдағы айдын көл мен бала құраққа айрықша сұлу сымбат бітірген, өзгеше ажар берген.
Теңеу мен метафора бір-біріне өте ұқсас. Ж. Вандриес: “Метафора – қысқартылған теңеу”, - дейді. Қазақта теңеудің жұрнақтарын алып тастаса, кез келген теңеу оп-оңай метафораға теңеудің жұрнағын қоссақ, онда ол теңеу болып шығады.
Ол арыстандай айбатты – теңеу.
Ол – арыстан айбатты – метафора.
Басты айырмашылығы – теңеуде бір нәрсе екіншіге теңелсе, метафорада баланады.
Қалған өзгешеліктерін түрлерінен, яғни жасалу жолдарынан байқауға болады. Құрылысына қарай Қ. Жұмалиев метафораны 5-ке бөледі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет