Аллитерация (лат adlittera дыбыстас) – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонанс



бет8/14
Дата16.05.2022
өлшемі178 Kb.
#143544
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Теория

Кейіптеу (грек. prosopopeia6 орысша олицетворение) – жансыз табиғат құбылыстарын кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеу. Мысалы, Абай:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды, -
деген шумағында жансызға жандының іс-әрекетін, қимылын дарытып, әсем сипаттаған. Сол сияқты:
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып,
Арыстанның жалындай бұйра толқын,
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.
(Лермонтов - Абай)
Бүкіл өлең өзен емес, бейне бір адам бейнесіне ұқсайды, жанды түрде суреттеледі.
Кейіптеу – қазіргі әдеби туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл:
Балқытып гүлді деміне,
Сүйді жаз әбден беріле.
Әкетпек еді ұзатып,
Өзінің жылы жеріне...
Қызғаншақ қыс келді де,
Сілтеді суық қанжарын.
Жас жігіт қыршын өлді де,
Қалдырып кетті жан жарын.
(Ә. Тәжібаев)
Алдыңғы екі шумақта Әбділда Тәжібаев әдеттегі қыс пен жазға әдеттен тыс мінез бен әрекет беріп, жансызға жан сала суреттеу арқылы ойды биік философияға көтеріп әкетеді.
Кейіптеу – ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. Кейіптеу терминің енгізген А. Байтұрсынұлы десек те дұрыс болар. Оны “Әдебиет танытқыш” еңбегінен байқаймыз.
Ауырып домбыра да ыңыранды,
Санасыз саусақ қаңғып, қыдырады.
Бірде ысып, бірде суып, күйіп-жанып,
Жүректе сандыраған күй жынданды.
Ілиястың өлеңіндегі домбыра, саусақ, күй – бәрі кейіптеу тәсілімен бейнеленген.
Мағажан “Жел” деген өлеңінде желді “ерні өтірік қыбырлап, сыр айтқан боп сыбырлап”, “жымиып, күліп өтеді” деп тентек бала кейпінде кескіндейді.
З. Ахметов: “Аллегория, символ тәрізді тұспалдап суреттеу тәсілдері осы кейіптеу тәсілімен ұштасып жатады, кейде түгелдей кейіптеу түрінде де жасалады”, - дейді.
Троптың тағы бір түрі – пернелеу, яки аллегория (грек. allegoria – пернелеп айту) – жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады.
Айталық, “қулық, зорлық, қастық” секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды С. Дөнентаев өзінің “Ауырған арыстан” деген аллегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді. Бұл өлеңде қулық – Түлкі, зорлық – Арыстан, қастық – Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернелеп көрсетілген.
- Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш жоқ –
Дегенде қораз айтты:
- Сенде де ес жоқ,
“Кукара-ку” болмай-ақ мен шақырған,
Таң атырып, онсыз жұрт күн батырған.
(А. Тоқмағамбетов)
А. Тоқмағамбетов қораз арқылы пернелеп айтып отырған ұғымы – пәтуасыздық, парықсыздық.
Дүниежүзілік әдебиет тарихына көз салсақ, Данте жазған әйгілі “Құдіретті комедияда” арыстан, мысық, қаншық қасқыр тәрізді аңдар арқылы адамға тән әр түрлі құштарлықтар пернеленіп қана қоймайды, бірсыпыра бейнеленеді, кәдімгі көркем образдар жасалады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерде бейнеленетін тұлғалар түгелімен – аллегориялық образдар. Кейде тіпті Грибоедовтың Скалозубы мен Молчалині, Гогольдің Ляпкин-Тяпкині мен Собакевичі секілді Майлиннің Мырқымбайы, Көбеевтің Итбайы мен Мұстафиннің Сойдақтісінің аттарының өзі олардың мінез-құлқындағы аллегориялық сипатты нұсқап көрсетіп тұрғандай.
Қазақтың ауыз әдебиетінде, әсіресе, ертегілер мен өтірік өлеңдерде аллегория көп кездеседі:
Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,
Той қылып ат шаптырған төңірекке...
Троптың (құбылтудың) бір түрі – астарлау, яки символ (грек. symbolon – шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттелмей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді. Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды.
Отырмын теңіз бойында
Ойнайды дауыл ойымда.
Соғады толқын шың, жарды,
Шертеді көңілім мұңлы әнді.
Достарым қандай көп еді...
Көбісі соның жоқ енді.
Көпірген теңіз төірегім,
Күрсінбейді жел тегін!
(Ә. Тәжібаев)
Әдемі өлең! Аз ғұмырында әрқашан ақылды болу үшін әркім-ақ айрықша ескеруге тиіс бір шындықты ақын көз алдында дөңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-тегіл философиялық сырға шомылдырып, шүлен шабытпен жырлаған. Бұл өлең – символмен бірге психологиялық параллелизмнің де үлгісі.
Қ. Жұмалиев: “Символ – психологиялық параллелизмнің бір тарауы, соның дамыған, өскен түрі деп танылады”, - деп тұжырымдайды. Оған жоғарыдағы мысал дәлел бола алады. Қазақ әдебиетінде таза символ аз кездеседі. Ол не параллелизм, не пейзажбен ұштасып келеді. Мәселен:
Қонады бір күн жас бұлт,
Жартастың төсін құшақтап,
Жөнелді ертең, қалды үміт,
Көк жүзінде ойнақтап, -
деген Абай аударған Лермонтовтың өлеңін алсақ, мұны жалғыздықтың символы ғана емес, табиғат құбылысының бір алуан суреті – пейзаж деп те ұғынуға болады.
Символ – бейнелеп сөйлеу ауыз әдебиетінде, билердің сөзінде көбірек кездеседі. Мысалы, символдың нағыз таза үлгісі мынау:
Орал таудың ор түлкісі,
Айнала қуса, ит жетпес.
Орал таудың ақ иығы –
Ақ иық келсе, тек кетпес...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет