Алматы қ., Амангелді к., 61А, 418 каб., «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Қр ббж қбари, Деңгейлік Бағдарламалар орталығы


Қосымша 3 Утегенова Шаттыгул Жумабергеновна оқу ісінің меңгерушісі



бет2/3
Дата01.04.2017
өлшемі2,76 Mb.
#13085
1   2   3

Қосымша 3

Утегенова Шаттыгул Жумабергеновна оқу ісінің меңгерушісі,

9 орта мектеп

«Оқу мен оқытудағы жаңаша білім берудің әдістері» тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілікті арттыру курстарының II деңгей бойынша сертификатталушы Утегенова Шаттыгүлдің Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебі мемлекеттік мекемесінде «Оқу мен оқытудағы жаңаша білім берудің әдістері» тақырыбы бойынша өткізген қысқа мерзімді коучинг сабағына рефлексивтік есебі.





Коучтің жазбалары

Тренердің жазбалары

I.Тақырыпты негіздеу.

Ұжымда барлығы 118 мұғалім қызмет етеді. Олардың ішінде 102 жоғарғы білімді, 17-і арнаулы орта, 22-і жоғарғы санатты, 30 І санатты, 40 ІІ санатты, 26 санаты жоқ мұғалімдер.

Мектебімде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілікті арттыру деңгейлік курстарынан өтіп сертификатталған 11 мұғалім бар. Басшылық курстан өткен директор, І деңгей бойынша 3 мұғалім, II деңгей бойынша сертификатталушы өзім, ІІІ деңгей бойынша 6 мұғалім қызмет етеді.

Мұғалімдер қажеттілігіне қарай қызықтырған сұрақтарға жауап беріп мектепте, аудан денгейінде желілік қауымдастық негізінде коучинг сессия өткізіп отырамын. Коучинг өткізуді өзімнің міндетті жұмысым деп білемін.

Мектепте коучинг сессиясын өткізер алдында мектеп ұжымымен шағын семинар өткіздім. Семинар кезеңде әріптестерім оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге барынша ұмтылыс жасады. Мұғалімдер мәселесіне қатысты тақырыпқа тоқталып өзара пікір алмасулар болды. Пікірлер сан алуан, әр түрлі бағытта болды. Семинар таныстырылымында айтылған түйіндер. Англияда Кембридж тәсілімен біріккен Қазақстанның бірлескен жобасы елімізде іске асырылып жатыр. Өлкемізде Кенбай орта мектебі мен №9 орта мектеп және аудан денгейінде тағы басқа мектептер бар біріккен желілік қауымдастық құрылып, жаңа бағытта жұмыс жүргізілуде. Бұл жүйе көп өзгеріс әкелуде. Біздің проблемаларымызды сырттан біреу келіп шешіп бермейді, барлық күш өзімізге түседі, оны шешудің жолын өзіміз қарастырып, өз проблемазды өзіміз шешіп, бір-бірімізден үйренеміз керек. Бұрынғы біздің ойлаған ескі көзқарасымызды өзгертіп , жаңа үлгіде жұмыс жасаумыз керек. Жаңа форматтағы сабақтарда оқушыда білімге деген талпыныс байқалуда. Осы қарқынмен жүретін болсақ 3-4 жылдан кейін жұмысымызда үлкен өзгерістер болатыны анық. Бұл іс-әрекеттер солардың бастамасы болмақ.

Оқу мен оқытудағы жаңаша білім берудің әдістері мұғалімдердің қызығушылығын тудырды. Олар өздерінің білімдерін осы тақырып аясында әрі қарай кеңейткілері келді. Сондықтан мен олардың ұсыныстарын қабылдадым және іздендім. Өз қалаулары бойынша коучингке келген 13 мұғалім бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері І санатты Көздіқара Үміт, жас маман Сарина Жангүл, жоғары санатты мұғалім бірлестік жетекші Өскімбаева Сәрбира, информатик Шүкірова Райхан, химик Көрпебаева Жұмағыз жас маман, ағылшын тілі пәнінің І санатты мұғалімі Есболай Кәмшат, дене шынықтыру пәнінің І санатты мұғалімдері Бірпанов Есенгелді, Кетебаев Сағындық, әлеуметтік педагог Тәжіғұл Ботагөз, психолог Таңбаева Жұмагүл оқу ісі жөніндегі орынбасар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Төремұрат Айгүл сынды әріптестерім коучинг сессияға қатысуға тілек білдірді.

Атылмыш мұғалімдердің ізденетіні, жаналыққа жандары жақын, үйренуден қашпайтын, үнемі білімді жетілдіру үстінде жүретін, жан-жақты тұлға қалыптастыру үшін оқыту керектігін ұғынатын, сапалы білімге қол жеткізуде жаңа технологиямен жұмыс істеуге тырысатыны байқалып тұрады .

Өздерін қызықтырған бұл тақырыпты үйрете отырып, мұғалімдердің табысты оқытуына ықпал жасағым келді. Әріптестерім осы проблемадан шығу мақсатында коучинг сессияның жоспарын жасақтадым. Жоспар жасауда Александердің (2001, 2008) диалогтық оқыту теориясына сәйкес пікірін басшылыққа алдым. Сондай-ақ, мұғалімдерге арналған нұсқаулықта көрсетілгендей модуль мұғалімдерге:«Әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын немесе жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі (мұғалімдерге арналған нұсқаулық 109-бет) деген нұсқауын сынау арқылы көз жеткізгім келді.

Бұрын мұғалімдер жаңа тәсілді пайдаланып жүргенімен, қай жерде, қалай тиімді пайдалану керектігін біле бермейді. Сондықтан осы әдіс бойынша әріптестерімнің түсініктерін, көз қарастарын кеңейтуді жөн көрдім.

Коучинг сабағымның мақсаты: Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану негізінде әріптестердің кәсіби дамуына ықпал ету; сабақ барысында мұғалімдер әр-түрлі әдістерді қолданып олардың оқушылар белсенділігін арттыруға және табыстылыққа жетелейтін оңтайлы тәсіл екенін түсініп бағалайды. Әлеуметтік өзара әрекеттестікті нығайту үшін топтық жұмысты тиімді ұйымдастыра алады. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және ойларын қорғауды үйренеді.

Коучинг сессияға келген мұғалімдерге жағымды психологиялық ахуал орнату үшін «Вокзалда» тренингін өткіздім.

Барлық мұғалімдер орындарынан тұрып кассаға келіп билет алып орындарына жайғасты. Кезекші темір жол вокзалынан «Сағыз- Орал» бағытында жолаушылар пойызының аттанатынын, жолаушыларды вагондарға  отырғызу басталды деп хабаландыру жасады. Мұғалімдердің жақсы көтеріңкі көңіл күйлері сезіліп тұрды. Жолдарын болсын деген тілек білдірілді. Осы кезде сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу арқылы оқушылардың сабаққа назарларын аударуға болатынын түсіндіріп айттым. Вогандарға отырғызыу деп мұғалімдерді 3 топқа бөліп алдым.



Топқа бөлудегі мақсатым мұғалімдер өз сабақтарында оқушыларды топқа бөлуде әр түрлі әдіс арқылы да бөлуге болатынын үйрету.

Топта бірлесе жұмыс жасау үшін тәртіп керек, ол ереже құрастырудан басталатындығын айттым. Топ мүшелері бірлесіп, флипчартқа топ ережесін құрастырды.

Сергіту сәтінен кейін мұғалімдерді топта жеке жұмыс жасауға дағдыландыру, қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақтар қойдым.



  • Не істей аламыз?

  • Қалай оқытамыз?

  • Оқытудың қандай белсенді әдістерін  пайдалана аламыз?  

деген сұрақтармен диалогтік әңгімеге түстім. Мұндай сұрақтар жаңашылдыққа ұмтылатын кез келген ұзтаздың көкіректерінде сайрап жатары сөзсіз, оқушының болашағы үшін талқыланып, талданып, таразыға тартылып келе жатқан мәселелер.



Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізе отырып, сұрақтарға жауап берді, өз ойларын ортаға салды. Бұл тапсырмаға мұғалімдер белсене қатысты. Сұрақтар қоюдағы мақсатым ашық диалогқа түсіру, сол арқылы әркімнің пікірін, ойын білу, сыни ойлауын дамыту. Коучингтің келесі сәтінде мен оларға Кембридж университеті мұғалімдерінің оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдері жайлы теориядан мағлұмат бердім.Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негізі –сындарлы оқыту болып табылады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы –құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.

Сергіту сәті кезінде «Портрет» салынды.



Топқа «Наурыз көже рецептісі» деген тақырыпта ойларын флипчарт қағаздарына бейнелеу берілді.



Топ жұмысын 1 спикер шығып қорғады. Осы жерде мен мұғалімдердің уақытты тиімді пайдалана отырып, топта бірлесіп жұмыс жасалғандарын байқап отырдым. Топ жұмысы «бағдаршам» арқылы бағаланды.

Зерттеушілік әңгімеге тарту мақсатында интерактивті тақтада «Екі егіз ағайын» аңыз жұмбақ оқыдым. Әріптесім өзінің ойларын ортаға салды. Зерттеушілік әңгіме жүргізу арқылы оқу процесінде оқушыларды сыни ойлауға және сөздік қорын дамытуға болатыны айтылды. Қорытындылай келе мұғалімдер өздерінің презентация арқылы «Жаңа форматтағы сабақ» үлгісін көрсетіліп, жұмыс екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланды.

Оқудың жаңа мазмұнын игеру немесе жобалау процестерін дайындауда әріптестермен шағын топтарда әрекеттесу арқылы орындалады.



Рефлексия кезінде «Ойлаудың алты қағидасы» арқылы алты түсті қалпақты пайдалана отырып коугинг сессия туралы сыни тұрғыдан көзқарастарын білдірді.

Коучинг барысында әр топ қатысушылары белсенділік танытты, пікір алмасты .



Мен коучинг сессиядан соң, мұғалімдерден алынған кері байланысты зерделедім. Сабақтарына қатысу арқылы жалпы әріптестерімнің оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қолдағандарын көріп қуандым. Болашақта жұмыс жасау үшін төмендегідей жоспар құрдым:

  1. Коучинг сессияға қатысқан әріптестеріммен ұдайы байланыста болу;

  2. Әрбір сабақтан қорытынды шығару және қателер үстінде жұмыс жүргізу;

  3. Курс тренерлерімен және топ мүшелерімен әріптестік қатынаста болу.




Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет