Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


ТАзАлыҚТың ислАМ дініндегі орны



Pdf көрінісі
бет15/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

ТАзАлыҚТың ислАМ дініндегі орны
«Ақылды  адамға  иман  парыз,  иманды  адамға 
ғибадат  парыз»  деп  Абай  атамыз  айтпақшы,  адам 
баласының  бұл  дүниеге  жіберілуінің  түпкі  мақсаты 
жаратушыны  тану  болса,  танығаннан  кейінгі  кезек-
те құлшылық жасау тұратыны айтпаса да белгілі. Ал 
құлшылық өз кезегінде тазалықсыз жүзеге аспайды. 
Ислам дінінде тазалықтың орны ерекше. Тіпті ол 
«иманның жартысы»
1
 болып есептеледі. Сондықтан да  
мұсылмандар  әрдайым  тазалыққа  ынталандырылған. 
Күнделікті құлшылығының бәрі тазалыққа негізделген. 
Бұл турасында Құранда: «Аллаһ көп тәубе етушілерді 
және көп тазарғандарды ұнатады»
2
– делінген. 
Дініміздің  алғашқы  әмірлері  де  тазалыққа  бай-
ланысты  келген.  Алғаш  түскен  аяттардың  бірінде: 
«Киіміңді  таза  ұста!  Әр  түрлі  лас  істерден  аулақ 
бол»
3
, – делінген. Бұл аятта сыртқы және ішкі (рухани) 
тазалықтың өзара байланысы сөз болған. Мүминдерге 
жүректі, рухты, бойды, киім-кешек пен арды таза ұстау 
міндеттелген. 
Дінімізде  тазалық  және  тазалану  мағыналарын 
білдіретін негізгі ұғым – бұл  «тахарат». Құран Кәрім-
де  тазалыққа  қатысты  31  жерде  кездесетін  негізгі 
терминдер осы сөзден тарайды. олар сумен немесе өзге 
де  жолдармен  тазалануды,  күнәдан,  харамнан  бойды 
1
  Мүслим, Таһарат, 1
2
  «Бақара» сүресі, 2/222
3
  «Мүддәссир» сүресі, 74/4


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   223




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет