Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет200/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Спекуляция (иһтикар)
Спекуляция  –  затты  тауар  бағасы  жоғарылағанда 
сату үшін нарықтан әдейілеп шығару, не сақтау, енгіз-
беу  дегенді  білдіреді.  Бір  сөзбен  айтқанда,  нарық 
бағасын  қолдан  жасау.  Иһтикармен  айналысқандар 
әрдайым өз мүддесін мемлекет пен қоғам мүддесінен 
154
 Әбу Дәууд, әл-Бүйү, 38, 63, 64
155
 Ахмәд ибн Хәнбәл, Мүснәд 5/27, 50


187
Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы
жоғары  қояды.  оған  жасанды  сұраныс  туғызып,  спе-
куляция арқылы нарықпен ойнайды. жасанды тапшы-
лық тудырып, дағдарыстар жасайды, кейіннен нарыққа 
жаңа  өзгерістер  енгізу  арқылы  қалыпты  жағдайды 
әрі  басқа  адамдардың  саудасының  астаң-кестеңін 
шығарады.  
Ардақты  пайғамбарымыз  иһтикар  жасаған 
адамдардың  жағдайына  қатысты:  «Иһтикар  жа-
саушылар  қателеседі»,  –  деген
156
.  Яғни,  олардың  іс-
әрекеттерінде  жалғандық  пен  қоғам  үшін  зияннан 
басқа келтірер пайдасы жоқ деген мағынада айтылған. 
осыған  ұқсас  тағы  бір  хадисінде  сүйікті 
пайғамбарымыз  иһтикар  жасаушының  болашағының 
қараңғы  түнек  екендігін:  «Кімде-кім  халық  зәру 
болып отырған қандайда бір затты қырық күн (әдейі) 
сақтайтын болса, ол жан Аллаһтан алыс,  бұған қоса 
Аллаһтың рахметі де одан алыс», – деп білдірген
157
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   223




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет