Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


Ұрланған немесе заңсыз жолмен алынған



Pdf көрінісі
бет203/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Ұрланған немесе заңсыз жолмен алынған 
нәрсені алу туралы
Ұрланған  немесе  иесінен  заңсыз  жолдармен 
алынған  нәрсені  біліп  тұрып  сатып  алу,  осы  заңсыз 
әрекетке көмектесу болып есептеледі. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.):  «Кімде-кім  біле  тұра  ұрланған  затты  сатып 
алса,  оның  күнәсі  мен  ұятсыздығына  ортақтасқан 
болады», – деген
160
.
159
 Әнғам  6/152,  Исра  17/35,  Мұтаффифин  31/1,  Шуара  26/181-
183.
160
 Бәйһаки, әс-Сүнәнул-Кубра, 5-том, 336 бет.


189
Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы
Харам жолмен табыс табудың нәтижесі
Аллаһ  елшісі:  «Аллаһ  тағала  жамандықты 
жамандықпен қайтармайды»
161
, – деу арқылы біздерге 
үлкен  бір  ақиқатқа  жөн  сілтеуде.  Ерекше  мейірімді 
Аллаһ тағала жамандықтың орнын жақсы нәрсемен тол-
тырады. Сондықтан болар, қандай да бір жан Исламның 
тыйым  салған  жолдарынан  тапқан  қаржысын  ең 
қайырлы бір қызметке жұмсаса да, жасаған күнәсінің 
есесін  қайтарған  болып  есептелмейді.  Қайта  күнә 
үстіне күнә жүктеп алуы мүмкін. Өйткені, тап-таза бір 
саланы да өзінің лас табысымен кірлеткен болады емес 
пе?  
Адамның  асқазанына  түсетін  бір  түйір  харам 
зат  оның  қырық  күндік  намазының  нұқсан  болуына 
жеткілікті.  Мұның  өзі  қандай  өкініш.  Тұла  бойының 
әрбір  түкпірін  хараммен  толтырған  адамдардан 
құралған  қоғам  Аллаһ  тағаланың  рақымына  бөлене 
алмайды.  Қоғам,  ондағы  өмір  сүріп  жатқан  адам-
дар  өз-өзін  өзгертпейінше,  Аллаһ  тағала  да  оларды 
өзгертпейді
162
.  Аллаһ  тағала  қараптан-қарап  таза 
қоғамды  құлдыратпайды  немесе  құлдырап  біткен 
қоғамды тазартпайды. 
Кісі  ақысы  да  өте  маңызды.  Аллаһ  елшісі  кісі 
ақысын  жеген  адамның  жаназа  намазын  оқымаған. 
Өйткені, кісі ақысымен кеткен жанның артынан дұға 
жасалуын да лайық көрмеген. 
Кісі  ақысы  қалай  және  қандай  жолмен  болса  да 
біреудің  мойнына  жүктелсе,  ол  жанның  құрдымға 
кетуіне  себеп  болады.  Ақиретте  кісі  ақысымен 
161
 Бухари, Буйю 50; Тәфсір, Фәтх 3.
162
 «рағыд» сүресі, 13/11.


190


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   223




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет