Алматы қаласы Алатау ауданы


Зерттеудің  практикалық  мәнділігі



бет4/16
Дата23.08.2020
өлшемі1,08 Mb.
#76626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ғылыми жоба киіз үй
syn-trysynan-oylau-aryyly-oytu, syn-trysynan-oylau-aryyly-oytu
Зерттеудің  практикалық  мәнділігі:  Оқушыларға киіз үй жабдықтағанда немесе кездестіргенде көмегін тигізеді және өз елінің ертедегі тұрмысымен танысады. 

Зерттеудің  жаңалығы  мен  дербестік  нәтижесі: 

- киіз  үй  туралы  тәлімдік,  тәрбиелік  көзқарастарға  талдау  жасалды; 

- киіз  үйдің  ата-бабаларымыздың  өмірінде  алған  орнын  көрсету; 

- киіз  үйдің  бөліктері  мен  түрлері  жайында  түсінік  берілді; 

- киіз үйді жаңа ғасыр талабына қарай жабдықтау 

Жұмыстың  орындалу  әдістері: Тарихи  деректермен  танысу,  оларды 

жинақтау,  қорыту,  салыстырмалы  талдау  жасау,  тұжырымдау. 

 

Кіріспе

Киіз үй қазақ  халқының  өзімен  бірге  жасасып,  тарих  белестерінен  бірге   келе жатқан  заттық,  тұрмыстық  мәдениеттің  көрінісі.  Ол  сонымен  қатар  қазақ  халқының  материалдық  мұрасының  бірі  ғана  емес  бірегейі  болып  бағаланады.   

Қазақтың киіз үйі – қазақ баласы үшін адамгершілік ұясы, қасиет тұтар ордасы. Ол әр қазақ баласы үшін тәуелсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы міндеттілігінің символы. 

 Киiз үй — жер шарының жарты моделi іспеттес. Себебі бұл дүниедегі барлық нәрсе шар тәрізді, ғалам да. Ал киіз үй – адам өмірінің бұл жақтағы да жартысы.  Жаратылыстың мызғымас заңының негізі – бар нәрсе шар тәрізді ұсақ бөлшектерден тұратын болса, бар тіршілік негізі – шар тәрізді форма болатын болса, киіз үй шардың жартысы, сол форманың бірінші бөлігі.  

Менің  бұл  тақырыпты  таңдауыма ата-бабамыздан қалған мұра – киіз үй туралы білімімді тереңдету қажеттілігі себеп болды. Өйткені, кешегіні білмей бүгінгінің қадірін түсінбейміз. Бірақ қазіргі күні киіз үй туралы жеткілікті түрде насихатталмай жүр. Сол  себепті кейбір қазақ балалары киіз үйді тек көшпенділіктің белгісі ретінде қабылдайды. Негізінде ол ертедегі тұрмысымыздың ажырамас бөлігі, сәулет өнеріміздің бастауы, қолөнеріміздің дамығандығының көрсеткіші.  

Бұл мәселені шешу үшін оқушыларға арналған үйірме ашу керек деп ойлаймын. Үйірме киіз үй жобасында тұрғызылып, оның ішінде қазақ тарихы, тұрмысы көрініс тапса. Сонда оқушылар киіз үйді ата-бабаларымыз сияқты қастерлеп, рухани құндылықтарды құрметтейтін болады деген үміттемін. 

  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет