Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Қоспа № 3 Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады. Қоспа № 4



бет5/6
Дата11.10.2023
өлшемі218,52 Kb.
#184816
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жоба

Қоспа № 3
Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.
Қоспа № 4
Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.
Қоспа № 5
Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.
Қоспа № 6
Жапырағын кесіп, тазалап жуып, мясурубкадан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады.
Қоспа № 7
Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.

Қоспа № 8
Алоэ сөлі мен жұмыртқа ақуызын қосып араластырып бетке маска ретінде аптасына 1-2 рет қолданылады.

Қорытынды
Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында бөлмеде өсетін дәрілік алоэ өсімдігімен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.
Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.
Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ұстанымын алға қойған жас студенттердің бүгінгі таңда осындай жобалардың халыққа тигізер пайдасы ұшан теңіз. Сондықтан Қазақстанның болашағы жастардың қолында . Өзім сияқты жастарға айтарым өз елімізде өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеп, халық игілігіне пайдалана білсек дені сау, салауатты ұрпақтың көп болатынына кәміл сенейік. Салауатты өмір салтын ұстанатын әр бір қазақ азаматы өз денсаулығын күте білсе, еліне де, жеріне де, тигізер пайдасы өте көп болар еді..
Сол себептен өз жобамда мынадай ұсыныстар ұсынғым келеді.
1.Әрбір колледж қабырғасында емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктері көптеп өсірілсе;
2. Тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса; 
3. Дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса; 
4.Үлкен кісілерге емдік шөптерден жасалған кеппе шөптер секілді дәрі- дәрмектер көптеп шығарылса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет