Алтын күз Мақсаты



бет1/3
Дата24.11.2023
өлшемі25,05 Kb.
#193195
  1   2   3
Байланысты:
Алтын күз Ценарый.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Олимпиада-2023, 377021

Алтын күз
Мақсаты : Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген .
Жүргізуші:Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және «Көгершін»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше
« Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Алтын күз ,жаңбырлы күз,
Жомарт күз,суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын ,
Алтын күздің тойында.
Көгершін тобының балапандарын қарсы алайық.
Жүргізуші : Қызыл жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык ,би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге

«Күз Келді» әнін тыңданыздар.
Жүргізуші:  Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.
Тақпақтар: Аягөз,Айсезім,Алихан,Рахман,Айым,Асылхан.
Аягөз.
Көбейді құт береке
Астык толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз

Айсезім.
Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Алихан.
Алтын ,сары,қызыл, көк
Алуан,алуан ,жапырар
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Рахман.
Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі,
Астық-жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Айым.
Қуандырып бізді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз
Асылхан.
Алтын,сары, кызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Жургізуші : Балалар мен сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр , сендер бұл жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді. Ендеше сендер дайынсыңдар ма?
Балалар: Әрине дайынбыз.


Жүргізуші: Көк майсалы көрікті
Алқап тола көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін . ( Күз )
Жапқандай жапырағымен айналаны
Қуантып байлығымен халқымды
Бір қуантып қайту үшін біздерді
Сабырлы ,сары алтын күз келді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет