Алтын күз Мақсаты



бет3/3
Дата24.11.2023
өлшемі25,05 Kb.
#193195
1   2   3
Байланысты:
Алтын күз Ценарый.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Олимпиада-2023, 377021
Жүргізуші : Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!
Жүргізуші :  Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жемістерді қарсы алайық.
(Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)
Тақпақтар:Жанайым,Нұрзат,Айсұлтан,Айкөркем,Мейірім,Ақсезім,Рамазан,Т.Алинұр.
Жанайым. (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
Нұрзат. (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Айсұлтан. (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Айкөркем. (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Мейірім.
Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін,
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.


Ақсезім. Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Рамазан.
Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Т.Алинұр.
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Енді біздің әдемі қыздарымыз көрсететін аналарының көмегімен қолдан тігілген көйлектердің сән көрсетілімін тамашалаймыз.
Сән Әлемі.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Мен өзіммен бірге досым қоянды ала келем деген едім ол кешігім келем деген.Қәзір келіп қалатын шығар.(Қоян кіріп келеді)

Қоян: Балалар күз ханшайымы менен бұрын кетіп қалыпты мен артынан жүгіріп-жүгіріп, секіріп -секіріп әрең жеттім. Менің Қонақтар мен ойнағым келіп тұр. менімен ойнайсыңдар ма?

Қоян: Ендеше ойынымызды бастайық.
Ойын:Ата Аналар мен.
  Жургізуші:Әсем әуен салдырған

Сәбилерде алғыр жан
Көгершінның ұл қызы
Ертегі дайындаған-деп « Көгершін» тобының бүлдіршіндеріның Шалқан ертегісін қарсы алыңыздар.
"ШАЛҚАН" ертегі.

Жүргізуші: Бүгін мейрам,бүгін той


Қуанышты күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой деп, — биімен ортаға ұлдарды шақырамыз.
 Би«Саңырауқұлақ»
 
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар бір тынығып алдық.ендеше балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:Адина,Мөлдір,Жақсылық,Бегзада.Аделя.
Адина.
Наступила Осень
Пожелтел наш сад
Листья на березе
Золетем горят
Мөлдір.
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жақсылық.
Күздің казан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр,сыбдыр түседі
Бегзада.
Көбейді құт-береке
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке 
Алтын күзді тойлаймыз.
Аделя.
Боламын мен Дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.


 Жүргізуші: «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Алтын күз»


Жүргізуші: Балабақша бағында,
Сайраңдаймыз жанында.
Нақ өзіндей бүлдіршін,
Көп достардың жанында,- деп, біздің кішкентай биші қыздарымызды «Алтын Жапырақтар» биін қарсы алыңыздар.
Би: « Алтын Жапырақтар.»
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Күз ханшайымы біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ. Балаларымыз тағы да тақпақ айтып береді:

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім!
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып.
(Осы кезде әуен ойналадыКүз ханшайымы қоштасып кетеді)
Жүргізуші:Қош бол,Күз ханшайымы.
Жүргізуші:Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне, балалар осымен «Алтын Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.


Балабақша директоры:Айзада Ерікқызы на сөз береміз.
Тәрбие оқу ісінің меңгерушісіне сөз беру.Жазыра Елубайқызы.


Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет