Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет7/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111
Байланысты:
Снимок экрана 2021—12—12 в 19.12.08, Бесеудің хаты Жұмағазиева Р
 
қысқаша 
«
со-
циолингвистика»
 
термині қазіргі заман ғылымында біршама жиі 
қолданылады. Оны алғаш рет 1952 жылы американдық зерттеуші 
Х.Карри
 
пайдаланған болатын. Осы терминмен тіл білімінде тілді 
қоғамдық құбылыс ретінде қарастыратын бағыт аталды.
Бүгінгі таңда тіл білімінде 
«әлеуметтік лингвистика»
және 
«социолингвистика»
деген екі термин синоним ретінде қатар 
қолданылады. Жоғарыда аталған өзге терминдер өте сирек
оның өзінде олар бір мазмұнда пайдаланылмайды. Ол термин-
дердің көпшілігі әлеуметтік лингвистика тарихындағы бел-
гілі бір кезеңдерге байланысты қолданылып жүр. Мысалы, 
20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында кеңес тіл білімін-
де 
«Социологиялық лингвистика»
 
термині қолданылса, 40-60-жыл-
дарда 
«Тіл социологиясы»
термині пайдаланылды. Сондай-ақ 
белгілі бір лингвистикалық мектептерде (мысалы, Француз 
социологиялық лингвистикасы) әртүрлі терминдермен аталды. Ал 
біздің қолданысымыздағы 
«
әлеуметтік лингвистика»
 
немесе 
«со-
циолингвистика»
термині кеңес тіл білімі арқылы 60-жылдардың 
аяғында қабылданған.


14
Енді әлеуметтік лингвистиканың біршама танымал болған 
пәндік анықтамаларына талдау жасай отырып, оның зерттейтін 
нысанына тоқталайық.
Көрнекті филолог 
О.С.Ахманова
«Лингвистикалық термин-
дер» атты сөздігінде «әлеуметтік лингвистика» немесе «социолин-
гвистика» терминін екі мағынада түсіндіреді:
1.Тіл мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы себепті байла-
ныстарды зерттейтін тіл білімінің саласы (орысшасы: Раздел язы-
кознания, изучающий причинные связи между языком и фактами 
общественной жизни).
2.Тілдің әлеуметтік саралануын, яғни оның түрлі әлеуметтік 
диалектілерін зерттейтін тіл білімінің саласы (орысшасы: Раздел 
языкознания, изучающий социальную дифференциацию языков
т.е. различные его социальные диалекты) [1]. 
Осында келтірілген соңғы анықтамаға қарасақ, мұнда әлеу-
меттік диалектология сөз болған. Ал әлеуметтік диалектологияны 
әлеуметтік лингвистиканың бір бөлігі ретінде танушылық бар. 
Демек, мұндай жағдайда әлеуметтік диалектологиядан (кәсіби го-
ворлар, кооперативтік жаргондар, арго т.б.) ғана емес, тілдердің 
әлеуметтік саралануының барлық түрлері қарастырылатын кең 
көлемді пәнді түсіну қажет. 
Ал алдыңғы анықтама әлеуметтік лингвистиканың тіл және 
қоғам атты басты проблемасын дұрыс көрсетеді. Бірақ онда тіл 
мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы себепті байланыстың 
бағыттары ашып көрсетілмеген.
Әлеуметтік лингвистиканың тағы бір анықтамасын 60-жыл-
дардың соңында академик 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет