Амбулаториялық травматологиялық ортопедиялық көмектің ҚР даму тарихы. Поликлиниканың травматологиялық кабинетінің жұмысын ұйымдастыру


Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы



бет2/5
Дата06.02.2023
өлшемі87,87 Kb.
#167593
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 травм
Педпсих сессия (копия), соөж1, Қала құрылысының мониторингі, История моей специальности
Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға:
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ТОҒЗИ);
  • құрылымында оған жүктелген функцияларға байланысты мынадай медициналық ұйымдар:
  • Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті;
  • Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі;
  • стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі;
  • стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі;
  • орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі;
  • стационарлық медициналық ұйымдардың травматологиялық пункті жатады.

Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті
Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті (бұдан әрі – Кабинет) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға амбулаториялық жағдайда консультациялық және емдеу–диагностикалық көмекті қамтамасыз ету үшін құрастырылған.
Кабинеттің негізгі қызметтері:
  • жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету;
  • жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды стационарлық емдеуге іріктеу және жіберу;
  • жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге іріктеу және жіберу;
  • кезеңдік гипс қою көмегімен санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ балаларға консервативтік емдеу жүргізу;
  • жарақаттардың салдарымен және сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды: санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ, сколиоз, қаңқаның тұқым қуалайтын жүйелі аурулары, қаңқаның даму аномалияларымен ауыратын балаларды, остеопороз және ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі науқастарды диспансерлік бақылау;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
  • қызмет көрсететін ауданда ересектер мен балалар арасындағы жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларының аурушаңдық, мүгедектік, өлім-жітім негізгі медициналық–статистикалық айғақтарына мониторинг және сараптама жасау;
  • қызмет көрсететін ауданда жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға жарақаттың алдын алу, диагностикалау, оңалту және диспансерлік бақылау бойынша ұсыныстарды құрастыру;
  • жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды емдеу, диагностикалау және алдын алу жаңа әдістерін енгізу;
  • тәжірибелік травматология және ортопедия мәселелері бойынша медициналық алдын алу кабинеттерінің дәрігерлік және орта медициналық жұмыскерлерінің, учаскелік дәрігер-терапевтердің, дәрігер-педиатрлардың, дәрігер-неонатологтардың, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің, дәрігер-хирургтердің балалар хирургі дәрігерлерінің біліктілігін көтеру бойынша іс–шараларға қатысу;
  • жарақаттанушылықтың барлық түрлерінің алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізуге қатысу;
  • есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
  • медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет