Амбулаториялық травматологиялық ортопедиялық көмектің ҚР даму тарихы. Поликлиниканың травматологиялық кабинетінің жұмысын ұйымдастыру


Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі



бет3/5
Дата06.02.2023
өлшемі87,87 Kb.
#167593
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 травм
Педпсих сессия (копия), соөж1, Қала құрылысының мониторингі, История моей специальности
Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі
Емханалық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
  • жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерге консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
  • тексерудің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, қажетті зертханалық, аспаптық және диагностикалық зерттеулер жүргізу;
  • науқастарды стационарлық тексеріске және емдеуге іріктеу және жіберу;
  • амбулаторлық-емханалық және стационарлық ұйым жағдайларында пациенттерді әрі қарай емдеу ұсынымдарын белгілеу;
  • жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету және оларды қолдану тиімділігіне талдау жүргізу саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді клиникалық практикаға енгізу;
  • жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларын, оның ішінде балалар жарақаттанушылығының алдын алу жөнінде халықпен санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;
  • кезеңдік гипс қою көмегімен санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ балаларға консервативтік емдеу жүргізу;
  • санның туа біткен шығуы бар және туа біткен маймақ аяқ, сколиоз, қаңқаның тұқым қуалайтын жүйелі аурулары, қаңқаның даму аномалияларымен ауыратын балаларды, остеопорозы бар және ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі пациенттерді диспансерлік бақылау;
  • есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
  • медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.

Стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі
Стационарлық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
  • жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға терапиялық және/немесе хирургиялық, оның ішінде микрохирургиялық емдеу әдістерін қолдану арқылы мамандандырылған, оның ішіде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету;
  • басқа аурулармен зертханалық және аспаптық диагностика және сараланған диагностика жүргізу;
  • жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және профикалтиканың қазіргі заманғы әдістерін клиникалық практикаға енгізу және меңгеру;
  • жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды оңалтудың госпиталдық кезеңін жүзеге асыру;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
  • мамандандырылған, соның ішінде жоғары технологиялық травматологиялық және ортопедиялық медициналық көмектің емдеу және диагностикалау мәселелері бойынша көп бейінді стационардың қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысу;
  • жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелерінде стационардың басқа бөлімшелері дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету;
  • есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
  • медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет