Аќмола облысы



бет1/4
Дата21.12.2023
өлшемі75,5 Kb.
#198232
  1   2   3   4
Байланысты:
интелектуалды ойын - копия
Баяндама АКТ, 8 наурыз сценарий, 1578122802, 1527653851, Амандасу. Тренинг ( р елді с лемдесу белгісі), ТРЕНИНГ жанды қарым- қатынас, Дарынды,үлгерімі төмен жоспар (1), КТЖ Қазақ тілі 9-сынып 2023-2024 ж дұрысы, kompyuternye-seti

Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Раздольный орта мектебі


«Сынып көшбасшысы»
интеллектуалды ойыны.
7 сынып
Аубакирова А.К.
информатика және физика мұғалімі
ІІ санат

2011-2012 оқу жылы
«Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойыны.
Слайд 2 Ойынның мақсаты: оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған бетшелер, қанатты сөздер: «Информатика болашаққа бастайды», «ХХІ ғасыр-компьютер ғасыры», «Компьютерді меңгеру өмір талабы», слайд.
Ойынның жүрісі:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, әділ-қазылар алқасы, оқушылар. «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, информатика пәні бойынша «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.
Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз:
(Ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру)
Мұғалім: Енді осы ойынымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық: (әділ қазылар алқасын таныстыру)
Мұғалім: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Бәйге» турын бастаймыз.
Ойын шарты: Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Егер қате жауап берсе, сол ойыншы келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады.
Слайд 4 І тур «Бәйге»

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас. (интерфейс)

  2. Аты бар бірқатар байттар тізбегі. (файл)

  3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. (компьютер)

  4. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70 см)

  5. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбниц ойлап тапқан машина. (арифмометр)

  6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы. (сканер)

  7. Компьютердің «миы» ең басты бөлігі. (процессор)

  8. Принтердің неше түрі бар? (3)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет