Қан жүйесінің физиологиясы



бет2/7
Дата19.03.2022
өлшемі31,12 Kb.
#136339
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
кан физиологиясы
CD-ROM дискілері. CD-R дискілері. CD-RW дискілері. DVD дискілері. Blu-ray дискілері, 96798, 96798, 96798, 96798, Машиналық оқыту принциптері, нейрондық желілер, АКСО СС1-2, СӨЖ, Metod Urologiya Xirurgiya-003
Эритроциттердің қызметі:
тыныс алу – ол тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы өзіне оттегі мен көмірқышқыл газын қосып алатын қасиеті бар;
қоректік – қоректік заттарды ас қорыту ағзаларынан жасушаларға тасымалдайды;
қорғаныс - эритроциттер токсиндерді антиденелер арқылы байланыстырады, қан ұюға қатысады;
ферментативтік - әр түрлі ферменттердің тасушысы.
Гемоглобин – қанның тыныс алу пигменті. Ол оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. 100г қанда 16,67 – 17,4 г гемоглобин бар. Ер адамда 130 – 160 г/л , әйелде 120 – 140 г/л. Гемоглобин 600 амин қышқылдарынан тұрады. Гемоглобин глобин нәруызынан, төрт гем молекуласынан құралған. Гем молекуласында бір атом темір бар. Темір өзіне оттегін қосып алады да, жасушаларға оңай береді. Глобин – гемнің нәруыз тасушысы. Гемоглобиннің қызметі: Тыныс алу – гемоглобин өкпеден тіндерге оттегін және тіндерден өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды. Гемоглобиннің көмірқышқыл газымен қосындысы карбогемоглобин, оттегімен қосындысы – оксигемоглобин, иісті газбен – карбоксигемолглобин деп аталады.
Лейкоциттер - қанның ақ денешіктері. Олар түссіз және ядролары бар. Дені сау адамда тыныштық жағдайда лейкоциттердің мөлшері 4,0–9,0х109/л. Лейкоциттердің көбеюі – лейкоцитоз, азаюы – лейкопения деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агранулациттері ( түйіршіксіз). Лейкоциттер арасындағы пайыздық қатынас лейкоцитарлық формула деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет