Ана тілім- асыл мұрам Тақырыбы: Ана тілім- асыл мұрам Мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі17,95 Kb.
#43650
Ана тілім- асыл мұрам

Тақырыбы:Ана тілім- асыл мұрам

Мақсаты: оқушылардың бойына халқының қадір- қасиетін сіңіріп,ана тілін жетік меңгертіп,ұшқыр да,шешен сөйлеуге баулу.Ойы жүйрік ,танымдық деңгейі мен интеллектуалы жоғары оқушылардың бойына халқымыздың ұлттық қасиеттерін сіңіріп,өсиет өнегелі сөздер арқылы адамгершілікке баулу.

Мұғалім: Қош келіпсіздер,құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Ана тілім- асыл қазынам» атты қазақ тілі апталығының онкүндік қорытынды кешін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Қасиетті ана тіл,аз ба сенің,

Өзің барда ескірмес,тозбас елім

Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып

Мұқағали отты өлең жазбас еді

Қазақ тілі-рухани байлығымыздың қайнар бұлағы деп бекер айтылмаған.Қазақ елінде,қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс.Оған тек қазақ халқының ұрпағы ғана емес,Қазақстандағы барлық халық үлес қосуы тиіс.Ол үшін ана тіліміздің қадір қасиетін өзіміз білуіміз,дәріптеуіміз,насихаттауымыз керек.

Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі біздің қорытынды кешіміз сайыс түрінде өтеді.

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз міне, мақтанайық жар салайық

Бүгінгі сайысқа қатысатын балаларды

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық

Алдарынызда екі топтың оқушылары сайысқа түскелі отыр,сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар сайлап алайық.Екі топтың ұпай саны сұрақтың жауабына байланысты.Олай болса мен сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.



Сайыс жоспары:

1.Таныстыру,ұраны.топтың аты

2.Ұшқыр ой,жылдам жауап

3. Бейнелі сөзге бейімді бол

4. Жұлдызды бестік (қазақ тілі,математика,әдебиеттік оқу,дүниетану,орыс тілі)

5.Тапқыр болсаң, талас жоқ

6.Шамшырақ

7.Тіл өнер

8. Бәйге

Шын жүйріктер сыналады жарыста

Жарыстыңба ,орта жолда қалыспа

Әділқазы бағалайды сіздерді

Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па?-дей келе білімділерге сөз берейік.Олай болса І ші топ бастаймыз!

(әр топ өздерін таныстырып,бағаларын алады)



Екінші кезең: (партаның үстінде сұрақтар болады ,әр топ таңдап алып жауап береді) бойынша берілген тапсырмалар:

Өнер,білім,отан,тіл ,нан,жер,мектеп,батыр,денсаулық,қой,өтірік,,еріншек,су,әке,балапан,қылыш ,ел,қыз.(осы сөздерге мақалдар құрастырады)

Мысалы: Өнер алды қызыл тіл,Оттан оттан ыстық

(әр топ өздерінің жұмыстары бойынша бағаларын алады)



Үшінші кезең : « Бейнелі сөзге бейімді бол»

Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу

Мысалы: Араға от салу (араздастыру)

І топ ІІ топ

Тістен шығармау,су тегін,бетінен оты шықты, Жүрегінің түгі бар,тасы өрге

Аузына құм құйылды,тонның ішкі бауындай, домалау,ат ізін салмады,қолды

Көз айым болу,тепсе темір үзеді,жүрек жалғау болу,көзге түртсе көргісіз

Төртінші кезең: « Жұлдызды бестік»(қазақ тілі,математика,әдебиеттік оқу,дүниетану,орыс тілі)

І топ


1. Дыбыс және әріп дегеніміз не?

2.Алма ағашында 10 алма,ал үйеңкі ағашында 2 алма кем өсіп тұр.Барлығы неше алма өсіп тұр? Қосу және азайтудың компаненттерін ата

3. Фариза Оңғарсынова кім? Ол туралы не білесіңдер?

4. Бунақденелілер қай жерде өмір сүреді?

5. Многа ,разные,отец,утка,хорошо,спасибо сөздерін қазақшаға аудар

ІІ топ


1. Сөз таптарын ата

2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі, 1 жұмыртқа неше минутта піседі? Көбейту мен бөлудің компонеттерін ата.

3. Сәкен Сейфуллин кім?Ол туралы не білесіңдер?

4. Көкжиектің неше тұсы бар? Қандай?

5. Мало,бабушка,плохо,маленький,добрые утро,солнце деген сөздерді қазақшаға аудар

Бесінші кезең: «Тапқыр болсаң, талас жоқ».(қойылған сұраққа мақалмен жауап бер)

І топ


Етікті қонышынан басып киюге болама?

Көрдім,көрмедім деген неше сөз?

ІІ топ

Жыланды інінен қалай шығарады?



Тілде сүт болама?

Алтыншы кезең: « Шамшырақ» (киелі сөздерден жарыс)

І топ ІІтоп

Не жетім? Не қымбат?

Жеті ата Жеті қат көк

Үш дана Үш бәйтерек

Сегізінші кезең: «Бәйге»

І топ


1.Абай ескерткіші алғаш рет қай қалада қойылды?Кім жасады? (Алматы қаласы,мүсінші Х.Наурызбай)

2. Таза бұлақ мәтінінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

3.Сөйлемннің тұрлаулы мүшелері (бастауыш,баяндауыш)

4.Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

5.Жылдан құр қалған жануар (түие)

6.Жалғау қандай қосымша?(сөзбен сөзді байланыстырады)

7.Ұлы Отан соғысына неше жыл?

8. «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» деген Қазақстанға жолдауы қай жылы жолданды? Онда не туралы айтылған?

9.Ұзындық бірліктерін ата.(мм,см,м,км,дм)

10.Мемлекеттік тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

11.Шоқанның бірге оқыған досы (Потанин)

12.Бір жылда неше күн бар? (365-366күн)

13.Жылқының пірі кім? (Қамбар ата)

14.Екі ақынның өлең жарысы (айтыс)

15.Тұңғыш ғарышқа ұшқан қазақ азаматы (Тоқтар Әубакіров)

ІІ топ


1.Дүниежүзілік чемпион атағын алған алғашқы қазақтан шыққан балуан (Қажымұқан)

2.Қымыран қай түліктің сүтінен жасалады? (түие)

3.Көкжиектің негізгі тұстары?(оңтүстік, солтүстік,батыс шығыс)

4.Абайдың шешесінің аты кім?(Ұлжан)

5.6 шілде қандай мереке?(Астана күні)

6.Шешеннің әкесі саған кім?(нағашы ата)

7.Жұрнақ қандай қосымшы?(сөздін мағынасын өзгертеді)

8.Қазақ хандығына неше жыл? (550 жыл)

9. ЕКСПО 2017 көрмесі қай жылы ашылады? Ол туралы не білеміз?

10. Уақыт бірліктерін ата (секунд,минут,сағат,тәулік)

11.Жас нәрестеге жасалатын той (шілдехана)

12.Сиырдың пірі кім?(Зеңгі баба)

13.Жауын шашынның түрлері (қар,жаңбыр,бұршақ)

14.Киіз үйдің қабырғалары қалай аталады? (кереге)

15. Үш биді ата (Әитеке би,Қазбек би,Төле би)

Қорытынды: Құрметті ұстаздар оқушылар, бүгінгі «Ана тілім асыл мұрам» атты онкүндік өз мәресіне жетті.Келесі сөз кезегін әділқазыларға берейік.

(ұпайларын есептеп,жеңімпаз топты анықтау)

Білімнің мініп алып тұлпарына

Қиналмай шықтық бүгін шыңдарына

Бүгінгі сайысымыз аяқталды



Көп рахмет айтамыз қонақтарға!!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет