Аналитикалық химия зертханасындағы қауіпсіздік ережелері мен жұмыс істеу тәртібі


Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс жасау тәртібі



бет2/6
Дата07.10.2022
өлшемі66,16 Kb.
#152163
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2. Қауіпсіздік ережелері (1)
Идеологиялық тоқырау, кпврвскпесаг, registration man ru, Закон Республики Казахстан от 11 июля 1997 года №151-i о языках -emirsaba.org, қазақ тілі бақылау
Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс жасау тәртібі
Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс жасау өте ұқыптылықты қажет етеді.Минералды қышқылдар мен сілтілер теріге, көзге тисе күйдіреді. Егер, оның тамшылары көзге тисе, адам соқыр болуы да мүмкін. Сондықтан бұл заттармен жұмыс жасау барысында келесі тәртіптерді сақтау қажет:
-Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік көзәйнегін, резина қолғаптарын қолдану қажет.
-Үлкен ыдыстан кұйған кезде, жоғарыда айтылған тәртіпті сақтап, соны-мен бірге алжапқыш кию керек.
-Қышқыл мен сілтілерді тамшуырмен (пипетка) ауызға соруға мүлдем болмайды.
-Күкірт қышқылын сұйылтқанда төзімді ыдыста жасау қажет, қышқылды суға құю қажет, себебі өте үлкен жылу бөліп, жан-жаққа шашырайды.
-Сілтілерді суға құрғақ қалақшамен аздан-аздан сала отырып, араластыру қажет. Қатты сілтілерді қолмен ұстауға болмайды, қысқышпен ұстау қажет.
-Раковинаға қышқыл, сілті, басқа да химиялық заттардың қалдықтарын құюға болмайды, оларды тек соларға арналған ыдыстарға жинау қажет.


Сәтсіз оқиғалар болғанда, күйген кезде ең бірінші көмек көрсету ережесі:
1.Термиялық жолмен күйген кезде, таниннің спирттегі ерітіндісімен, спиртпен немесе калий перманганаты ерітіндісімен жуу, сүрту қажет.
2. Қышқылмен күйген жерді өте көп сумен жуып, артынша 1%-ы натри-гидрокарбонатының ерітіндісін қолдану қажет.
3. Сілтілермен күйген кезде сумен жуып, 1%-ы сірке қышқылымен, содан соң қайта сумен жуу керек.
4. Қышқыл мен сілтілер көзге тисе, 3-5 минут сумен жуып, содан сон 2,3 пункттерді қолдану қажет.
5. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу қажет.

Тест. Техника қауіпсіздігі


Вопросы 1-11 теста предполагают выбор одного правильного ответа из предложенных.


1. Химия зертханасында болады:

  1. Кофе, шай ішуге;

  2. Краннан су ішуге;

  3. Оқытушының құсқаулығымен жұмыс жасауға;

  4. Сырт киімді жұмыс столына қоюға.



2.Пипеткаға сұйықтықты қалай алады:

  1. Ауызбен сорып;

  2. резина грушасымен;

  3. реактиві бар ыдыстан тікелей құйып;

  4. арайы дозатордың көмегімен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет