Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет39/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Биологиялық әдіс. Микроскоппен қарағанда қарапайымдыларды табу және оны айыру қиындықтары болғандықтан, ауруды анықтау үшін биологиялық әдіс қолданады. Биологиялық әдістің мақсаты қарапайымдыларға сезімтал лабораториялық жануарларды жұқтырып, паразитті көбейту болып табылады. Көбейген қарапайымдыларды микроскоппен оңай байқауға және анықтауға болады. Биологиялық әдіс лабораторияда ақ тышқандарға жүргізіледі. Ақ тышқанның бір тобын алдын-ала карантинде ұстап, қарапайымдыларға серологиялық тексеріліп алынады.
Биологиялық әдіске қолданылатын ақ тышқандар дені сау және қарапайымдыларға оң көрсеткіш көрсетпеу керек. Биологиялық әдіс жүргізу үшін алынған материалдардан (пунктат, ішкі мүшелер бөлігі, қан т.б.) стерильді жағдайда физиологиялық ерітіндімен суспензия (1:3, 1:5) дайындайды. Суспензияға бактерияларға қарсы антибиотиктер: стрептомицин және пенициллин қосып 30-60 минут ұстайды. Материалды шприцпен бұлшық ет арасына, тері астына, миға егуге болады. Ең тиімдісі ақ тышқанның құрсақ қуысына 1,0 мл жіберіледі. Егер материалда паразит болатын болса онда ақ тышқандар 3-4 күннен кейін өледі. Олардың құрсақ қуысына жиналған экссудаттан көптеген қарапайымдыларлар табуға болады. Сондай-ақ паразиттерді ішкі мүшелер ұлпасынан, мидан да табуға болады. Кейде жұқтырылған материалдан ақ тышқандар ауырмай тірі қалса, онда оларды өлтіріп, ішкі мүшелерінен суспензия жасап басқа ақ тышқандарға қайта салады. Осылайша 5-6 рет қайталауға тура келеді. Сонда ғана қарапайымдылар бар жоғары анықтауға болады.
Джекобс пен Мелтон (1957) биологиялық әдіс сапалы жүру үшін, тексерілетін ішкі мүшелер материалын алдын ала ыдыратып алуды ұсынды. Ол үшін жасанды асқазан сөлін пайдалану керек. Ыдыраған ұлпалардың арасында цисттердің сыртқы қабығы да бұзылып, ішіндегі трофозоиттар бөлініп шығып, енген жануарлардың ағзасында тез өсіп, дамиды. Алдын ала ыдырату тәсілі: тексерілетін материалдар кескіленіп майдаланады. Майдаланған материал шыны ыдысқа салынып, жасанды асқазан сөлімен 1:10 қатынасындай мөлшерде араластырылады. Шыны ыдыс термостатқа (370С) 2 сағатқа қойылған соң стерильді дәкемен сүзіледі. Ірі бөлшектерінен арылған сұйықты 2000 айналымды 15 минут центрифугілеу арқылы тұнба түсіріп алады. Тұнба үстіндегі сұйықтық бөлініп, төгіліп тасталады. Тұнбаны қайта стерильді физиологиялық ерітіндімен араластырып, антибиотиктер қосып, ақ тышқандардың құрсақ қуысына 1,0 мл енгізеді. Жануарларды 4 аптадай қадағалайды. Егер өлсе ішкі мүшелерінен, құрсақ экссудатынан жағынды жасап, тексереді. Ал егер тірі қалса, өлтіріп ішкі мүшелерінен суспензия жасап, тағы бір топ ақ тышқандарға енгізеді. Сонымен бірге тірі қалған жануарлардың қанын алып, серологиялық реакциямен тексеруге де болады. Ақ тышқандардың орнына кейде тауық эмбрионда пайдалануға болады. (Васина, 1958; В.Ф.Новинская, 1965).
Паразитологиялық әдісте қолданылатын жануарлардың ағзасында басқа бактериялар, паразиттер негізінен қарапайымдыларлар болмауын қадағаласа, тауық эмбрионы олардан таза болып келеді. Ал кейбір жағдайы келген ғылыми лабораторияларда қолдан өсіретін ұлпалар мен жасушаларды да биологиялық әдіске қолданылады. (Г.Т.Акиншина, 1965).
Барлық биологиялық тәсілдер белгілі уақыттан соң микроскоппен қаралып тексеріледі. Паразитологиялық әдістерді жүргізу үшін көлемді жұмыс қажет, олардың барлығын практикалық лабораторияда қолдану мүмкін болмауынан қарапайымдыларлардың табылу қиындығы басқа паразиттерге ұқсастығы және биологиялық әдістердің нәтижесін ұзақ күту бұл әдістердің қарапайымдылар эпизотологиясын зерттеу үшін тиімсіз екендігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет