Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ


Люминесценттік микроскоппен анықтау



бет44/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Люминесценттік микроскоппен анықтау. Люминесценттік микроскоп патологиялық материалдан қарапайымдыларны анықтауға және қарапайымдыларлық антиденені анықтауға қолданады. Бұл серологиялық реакция ИФР-сына ұқсас болып келеді. Айырмашылығы мұнда антидене флюресциентті бояумен боялады. Алғаш бұл тәсілді қолданған Кунс (1941) болған еді. Антидене флюрохром бояуларымен боялады. Қазіргі кезде боялған иммунды сарысулар дайын күйінде биофабрикаларда шығарылады. Қарапайымдылар антигенін табу үшін құрғақ флюресцентті сарысу қолданылады. Ол сарысу қарапайымдылармен иммунделінген үй қоянының қан сарысуы. Қан сарысуындағы антиденені флюресцент изоционатымен байланыстырған. Тексеруші ретінде қалыпты қоянның боялған қан сарысуы алынады. Реакция қойылу тәсілі дайындалған жағындыға арнаулы боялған сарысу тамызады, жағынды 30 минут термостатта (370С) тұрады, артық бояуын кетіру үшін 15 минут ағын суға ұстап шаяды, кептірілген жағындыны люминисцентті микроскоппен қарайды. Егер тексерілген материалда қарапайымдылар бар болса, онда ол антиденемен байланысқандықтан жарқырап көрінеді. Егер болмаса антидене байланыспау себебінен жулып кетеді де, ешнәрсе көрінбейді. Реакция келесі тесерушілермен қатар қойылу керек.

  1. таза қарапайымдылар бар препаратты боялған иммунды сарысумен байланыстыру;

  2. таза қарапайымдылар бар препаратты боялған қалыпты сарысумен байланыстыру;

  3. қарапайымдылармен жұқтырылмаған қоянның ішкі мүшесінің жағындысын боялған иммунды сарысумен байланыстыру;

  4. сондай материалды боялған қалыпты сарысумен байланыстыру;

Люминесцентті микроскопияның кері реакциясы. Бұл реакцияның кері аталу себебі қарапайымдылар антигені мен антидененің байланысуынан боялған қарапайымдыларның сарысуымен анықтамайды, керісінше антиденеге қарсы боялған иммунды сарысу арқылы анықталады. Бұл үшін қарапайымдыларға қарсы сарысу алған жануар түрінің (үй қояны) қан сарысуының глобулинін алып, басқа жануарды иммундейді. Соның нәтижесінде алынған глобулинге қарсы антидене флюресцентеледі.
Кері люминесцентті реакция екі сатыдан тұрады. 1-сатыда тексерілетін материалдағы қарапайымдылар антигенін белгілі иммунді сарысумен байланыстырамыз. 2-сатыда боялған сарысумен байланысқан антиденені іздейді. Реакция қоюға керекті ингредиеттер:

  1. боялмаған қарапайымдылардың үй қоянынан иммундеу арқылы алынған қан сарысуы;

  2. үй қоянының қалыпты қан сарысуы;

  3. боялған қоянның глобулиніне қарсы иммунды сарысуы.

Реакция қою тәсілі: тексерілетін жағындыға иммунды қарапайымдыларлық сарысуды тамызады, жағындыны термостатқа (370С) 30 минут ұстайды, жағындыны артық байланыспаған антигеннен тазарту үшін 15 минут ағынды суға шаяды, кептірілген жағындыға боялған қоянның глобулиніне қарсы сарысуды тамызады, термостатта (370С) 30 минут ұстайды, жағындыны 15 минут ағынды суда жуады, кептірілген препаратты люминесценттік микроскопияланады. Егер препаратта қарапайымдылар болса, жарқырап көрінеді. Тексеруші препарат: қарапайымдылар эксудатынан жалынды әзірлеп, оның біреуін қарапайымдыларлық иммунды сарысумен, екіншісін қалыпты сарысумен байланыстырады. Екеуін де термостатта ұстап шайған соң боялған иммунды сарысумен байланыстырып, шайып кептірген соң микроскоппен қарайды.
1-ші препаратта паразиттер жарқырап көріну керек, екінші препаратта керісінше қарапайымдылар жарқырап көрінбеу керек.
Ғалымдардың зерттеуі, аталған ИФР, люминесциенттік микроскоп және кері лиминесценттік микроскоп тәсілдерінің ішінде кейінгі реакция сезімталдығы жоғары екенін көрсетті. (Кодман, 1957; 1960; Сордар, 1962, және басқалар, 1962, 1964). Боялған препаратарды қарау үшін арнаулы люминесценттік микроскоп керек етеді. Қазіргі кезде МЛ-1, МЛ-2 және МЛ-3 микроскоптары қолданылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет