Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет46/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Кері гемагглютинация реакциясыИммунологиялық реакцияларда антиген мен антидененің байланысын байқау үшін көптеген қосымша заттар пайдаланылады. Солардың бірі сорбенттер немесе тасымалдаушы заттар деп атайды. Сорбенттерге антиген немесе антидене бекітіліп байланыстырылса олар иммуносорбенттер деп аталады. Кері гемагглютинация реакциясына (КГАР) сорбент ретінде эритроциттер қолданылады. Эритроциттерге қалыпты жағдайда антиген отырғызу арқылы эритроцитті диагностикум алуды алғаш рет А.Т.Кравченко, М.И.Соколов (1946) қолданды. Кейін эритроцитті дианостикумдар (ЭД) ұзақ сақтау үшін оларға формальдегид немесе (танинмен әсер ете отырып антиген отырғызады. Эритроцитке сенситиндерді (антиген мен антидене) байланыстырып отырғызу үшін көптеген заттар пайдаланады. Оларға танин, риванол, хром хлориді, глутар альдегиді, амидол т.б. химиялық заттар жатады. Сонымен бірге ЭД жасауда қалыпты эритроцит немесе формалинмен қатырылған эритроциттер пайдаланылады.Эритроцитті диагностикумдарды қолдану арқылы: кері гемагглютинация, антиденені бейтараптау, антигенді бейтараптау, кері гемагглютинация реакциясын тежеу т.б. серологиялық реакцияларды қоюға болады.Аталған реакциялардың жүру заңдылығына негізінен ЭД- бір-бірімен байланысып агглютинация түсуіне сүйенген. Егер тексерілетін қан сарысуында іздестіріліп отырған антидене бар болса, онда олар эритроцитке отырғызылған эритроциттер байланысып, агглютинация байқалады. Олардың түбі ойыс пластинканың ойығына немесе пробиркаға шөгуі кері аударылған қол шатырына ұқсас, жайылып түседі. Егер антидене болмаса Эд пробирканың немесе пластинка ойығының түбіне бір жерге жиналып қалады.КГАР қоюға керекті компоненттер: тексерілетін қан сарысуы (1:25) эритроцитті диагностикум (ЭД), қалыпты эритроцит және қан сарысуы, физиологиялық ерітінді және 1% қалыпты қоян қанының сарысуы (ҚКС). Реакция полистиролды пластинкалардың ойығына немесе пробиркада қойылады. Қан сарысуының физиологиялық ерітіндісін реакцияға дайындар алдында, оған 30 минут су қобдиында 600С ұсталған қалыпты қоян қанының сарысу ҚҚС және буфер жүйесі (рН 7,2) құйылады. Араластыру мөлшері 100 мл физиологиялық ерітіндіге 1 мл қоян сарысуы және 2 мл буфер жүйесі араластырылады.КГАР қояр алдында тексерілетін қан сарысуын қалыпты эритроцитпен араластырып, гетерогемагглютинині жойылады. Ол үшін 1 мл тексерілетін қан сарысуына 0,1 мл 50%-ті қалыпты эритроцит құйып, 1,5-2,0 сағат, эритроцит тұнбаға түскенше күту керек. Жайымен үстінен тазартылған қан сарысуын алып, оны реакцияға пайдаланады.
Тексерілетін қан сарысуын титрлеу мақсатында пластинкалардың бірқатар ойықтарына 0,5 мл ҚҚС қосылған физиологиялық ерітінді құйылады. Сонан соң бірінші ойығынан 0,5 мл 1:25 ерітінді тексерілетін қан сарысуы құйылады. Онан кейін, бірінші ойықтан 0,5 мл қан сарысуының ерітіндісі алынып, сол қатарғы екінші ойыққа құйылады. Міне осылай әрбір алдыңғы ойықтан 0,5 мл қан сарысуының ерітіндісі алынып, келесі ойыққа ауыстырылуына байланысты, тексерілетін қан сарысуы керекті мөлшерге дейін титрленеді. Ең соңғы ойықта алынған 0,5 мл қан сарысуының ерітіндісі төгіліп тасталынады.
Қан сарысуы титрлеген соң барлық ойықтарға 0,05 мл 2,5% эритроцитті диагностикум құйылып шығады. Қосылыс аздап шайқатылып араласқан соң, бөлме температурасында стол үстінде қойылады. 2-3 сағат өткен соң реакцияның нәтижелері есепке алынады. КГАР нәтижесі 4 балдық жүйемен бағаланады.
4 балл- эритроциттер ойық түбін түгелдей жұқа қабықпен жауып жатады;
3 балл- эритроциттердің жауып жатқан аймағы алдыңғыға қарағанда аздау;
2 балл- эритроцит тұнбасының шет жақтарында шамалы агглютинат түйіршіктері байқалады;
Теріс реакция –эритроциттер ойық түбінде бір жерге түйме сияқты болып жинақталған, тұнба шеті тегіс болады.
КГАР көрсеткіштерін жазғанда 1, 2, 3, 4 баллдар «+» белгісімен, ал теріс реакция «-» белгісімен белгіленеді. (Мысалы: 1 балл -+, 2 балл-++, теріс--). Қан сарысуынының титріне ең жоғарғы 3-4 балл алған ерітіндісі алынады. КГАР сапалы жүргенін қадағалау үшін тексеру ойықтарын қатар қою қажет.
1 ойық 0,5 ҚҚС қосылған физиологиялық ерітінді және 0,05 мл 2,5% ЭД.
2 ойық 0,5 ҚҚС қосылған физиологиялық ерітінді және 0,05 мл 2,5% қалыпты эритроцит.
Бұл екі ойықты гемагглютинация жүрмеуге тиісті.
3 ойық 0,5 тексерілетін қан сарысулардың 1:50 ерітіндісі және 0,05 мл 2,5% қалыпты эритроцит.
Бұл ойықтарда реакция теріс болу керек. Егер тексерілетін қан сарысуы көп болатын болса, соның барлығы 3 ойықтағыдай тексерілу қажет.
Эритроцитті диагностикумды тексеру үшін алдын ала тексеріліп титрі көрсетілген оң қан сарысуын пайдаланады. Ол үшін берілген оң қан сарысуын бір қатар ойыққа көрсетілген ерітіндіге дейін титрлеп оларға ЭД тамызып шығады. Реакция барлық ойықтарда оң 4 балдық көрсеткіште болу керек.
КГАР кейінгі кезде микроәдіспен қойылып жүр. Ол үшін микротитрге арналған пластинкалар пайдаланылады. Сондықтан тексерілетін қан сарысуының мөлшері 0,05 мл, ал ЭД мөлшері 0,025 мл. Микроәдіске құйылатын ЭД ерітіндісі 0,5% болып дайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет