Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АТАҢНЫҢ ТӨРІ ТҰРМАҚ, КӨРІНЕ КІРЕРСІҢ



Pdf көрінісі
бет58/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АТАҢНЫҢ ТӨРІ ТҰРМАҚ, КӨРІНЕ КІРЕРСІҢ
Ертеректе күйеу жігіт қайын жұртына алғаш келгенде, босағаға тулақ төсеп отырғызатын
дәстүр болған. Күйеу жігіттің қайын атасының төріне шығуға қақысы болмаған.
Бір жас жігіт қайын атасының үйіне келгенде, жеңгелері астына тулақ төсеп, босағаға
отырғызып қойыпты. Сол үйдің үлкен қабаған иті бар екен. Бөтен адамды көрген төбет арс етіп
оқыстан үріп қалғанда, күйеу жігіт шошып кетіп, төрге бір-ақ секіріп шығады. Сонда жеңгесі
бетін шымшып:
– Масқара-ай, күйеу жігіт атамның төріне шығып кетіпті ғой, – депті.
Сонда күйеу жігіт есік жақтағы төбетті нұсқап:
– Анандай бәлекет арс етіп тұра ұмтылса, атаңның төрі тұрмақ, көріне кірерсің, – депті.
Бұл сөз тіркесі үрей-қорқынышқа бой алдырсаң, не істеп, не қойғаныңа есеп бере алмас-
сың деген ойды аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет