Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет60/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АТЫ ЖҮЙРІК ҚАЙЫРАДЫ,
ТІЛІ ЖҮЙРІК АЙЫРАДЫ


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
35
Аты жүйрік болса, қуып жетеді, озып, алдыға шығады. Ал тілі жүйрік, шешен болса,
жақсы мен жаманды, адал мен арамды жіліктегендей ажыратып береді, сөзбен түйреп есе
бермейді деген мәні бар.
Әрі ақын, әрі балуан Ахмади деген жігіт жалғыз атын жоғалтып, Бақбақтыда жиын
өткізіп жатқан Қожахан деген болыстың ауылына келеді. Болыс баса-көктеп кірген кедей
ақынды жақтырмай, шаруасын сұрап білген соң: «Атыңның белгісін өлеңмен айт, әйтпесе
үйіңе қайт!» – дейді.
Сонда Ахмади:
Ақ тоқым, қос таңбалы, өзі жирен,
Қиянкес, ұры алмаса, шықпайды үйден.
Жануар жылқы болмай, адам болса,
Нәсілі бір кем емес, болыс, биден.
Ақ тоқым, қос таңбалы жирен еді,
Шананы қар жауғанда сүйрер еді.
Болдырып көп жұмыстан еті арыса,
Дорбаға қи сап берсем, күйленеді.
Жануар жылқы болмай, адам болса,
Болыс боп бір тайпаны билер еді, – дегенде, Қожахан болыс одан арғысын айтқызбай:
«Аты жүйрік қайырады, тілі жүйрік айырады», – деген, мынаның тілі улы екен, жоғын тауып
беріп, қайтарыңдар, – депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет