Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет6/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АДАЙ МЕН ТАЗ ЕМШЕКТЕС
Байұлының (Қыдырдың) Жанби, Ұлжан есімді екі әйелі болса керек. Жанбиінен туған
Қанбибі есімді қызы болыпты.
Бір күні бойжеткен Қанбибі жақын құрбыларымен сейіл құрып сыртқа шығады. Табиғат-
тың толыса құлпырған кезі болса керек. Сейіл-серуен құрған қыз-келіншек гүл-құрағы жай-
қалған бұлақ басына келіп дамыл алады. Сол жерде Қанбибінің көзі ілініп кеткен екен, әлдене-
ден тұла бойы шымырлай балқып оянып кетеді. Көзін ашып байқаса, көктен саулап құйылған
нұр іші-бауырын елжіретіп, тұла бойын балқытып жатыр екен дейді.
Осы нұрдан Қанбибінің бойына перзент бітіп, айы-күні толған соң босанады. Жай босан-
байды, бойына әкесіз бала біткен соң, жасырын босанады да, баланы құндақтап, қыр астына
апарып тастайды.
Ертеңіне серуендеп түзге шыққан Бай жылап жатқан құндақтаулы балаға тап болады.
Баланы үйге алып келіп, Әспенбет деген көріпкелді шақыртады. Әспенбет баланы көріп, «Аты-
ңды шығарар арысың осы болар» деп батасын береді. Бұған қуанған Бай ұлан-асыр той жасап,
баланың атын Адай қояды.
Бұл кезде Байдың әйелі Ұлжанның Таз деген баласы емшекте екен. Ұлжан Адайды да
бауырына алып, Таз екеуін бірге емізіп өсіреді. Әлгі, «Адай мен Таз емшектес» дейтін сөздің
мәнісі осы.
Адай, таз – он екі ата байұлының ішіндегі рулар. Шежіре дерегі бойынша, Кіші жүз
құрамындағы байұлы он екі ата, қыздың баласы – Адаймен он үш ата дейтін сөз бар.
Мұның мәнісі, Байұлының Қанбибі деген қызынан туған Адай шешеден нәресте кезінде жетім
қалады да, Таздың шешесі бауырына салып, Таз бен Адайды тел емгізіп өсіреді. Байұлының
басқа бұтақтарына қарағанда, Таз бен Адайдың бір-біріне етете болатыны содан. Таз руы-
нан шыққан Қашқынбай ақынның жеме-жемге келгенде «Емшектес адай қайдасың?!» – деп
қолдау күтуінің де бір сыры осында. (А. Сейдімбек).
Осы орайда «Аққу мен қаз егіз, адай мен таз егіз» деген мағыналас мақалды да айта
кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет