Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет65/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АШТЫҚТА ЖЕГЕН ҚҰЙҚАНЫҢ
ДӘМІ АУЫЗДАН КЕТПЕЙДІ


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
37
Ілгеріде болған ерекше оқиғаның естен кетпейтінін жеткізерде немесе жақсы күндерді
еске түсіргенде осы бейнелі сөзді қолданады.
Бір жолы данышпаннан:
– Дүниеде қандай тағам ең дәмді, әрі сүйкімді деп ойлайсыз? – деп сұрапты. Әлгі даны-
шпан сонда:
– Дүниедегі ең дәмді тағам – аштықта жеген тағам. Оның дәмі ешқашан ауыздан кет-
пейді, – деп жауап беріпті.
Соған қарағанда, «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді», деп айтқан қазекем
әрі данышпан, әрі көреген-ау.
АШУ – ДҰШПАН, АҚЫЛ – ДОС,
АҚЫЛЫҢА АҚЫЛ ҚОС
Қазыбектің аталас ағайындары – Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі абыройын
көре алмай, жастарының үлкендігін малданып, оны бір күні шақырып алады. Әуелі Бертіс би
тұрып:
Ақылы елден артылған,
Ақылың болса мақтан.
Ынтымағы жұрттан асқан,
Жақының болса мақтан.
Сенің жасың кіші ғой,
Ағаңның алдына шығудан сақтан! – деп ескертеді.
Қазыбек оларға:
Бір бала бар —
Атаға жете туады.
Бір бала бар —
Атадан өте туады.
Бір бала бар —
Кері кете туады! – деп жауап береді. Мұның айтқанын ана екеуі кек тұтып, күні бұрын
дайындап қойған адамдарына белгі береді… Бұзықтар Қазыбектің үстіне шекпен жауып, саба-
маққа айналады. Сол кезде аттың дүбірі естіледі. Бұл келген Қазыбектің кенже інісі Бөдене
батыр екен. Ағайындарының ағасын оңаша шақыруынан қауіптеніп, асығып жеткен беті осы
еді. Ашулы батыр ана екеуіне қылыш ала ұмтылады. Қазыбек інісін тоқтатып:
– Шырағым, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын, Ашу – дұшпан,
ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме! – депті.
Яғни, ашу үстінде дұшпаныңнан да бетер бір нәрсені бүлдіріп қоюың мүмкін, сонды-
қтан сабыр сақта, ақылға кел, ақылыңмен дос үстіне дос арттырасың, деген даналыққа
үндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет