Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АУЫЗ – ДАРБАЗА, СӨЗ – САМАЛ



Pdf көрінісі
бет62/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АУЫЗ – ДАРБАЗА, СӨЗ – САМАЛ,
ҚҰДАЙ ҰРҒАНҒА НЕ АМАЛ


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
36
Бұл нақыл: «Ауыз не айтып, не қоймайды, бірақ сөз бен мәністі ұқпайтын арсызға
не деуге болады», деген мағынаны білдіреді.
Баяғыда Аужанбай деген қыдырымпаз болған екен. Ол күндердің күнінде бір ауылға
қонақ болып қонып, кетпей жатып алады. Бір күн өтеді, екі күн, үш күн өтеді – қайтпайды.
Сөйтіп жатуы молынан бір айға созылады. Қазақ қанша қонақжай болғанымен: «Бір күндік
қонақ – құт, екінші күні – жұт, үшінші күні – зыт», – деген сөз бар емес пе. Сөйтсе де үй
иесі сыр бермей күтеді.
Күндердің күнінде Аужанбай: «Қой, ұят болар, үйім іздеп қалар», – деп жинала
бастайды. Атына мініп қоштасар сәтте, әлгі үйдің иесі сөздің сірағасы бойынша айтады ғой:
«Ой, ерте кетіп барасыз, тамаққа қарағаныңызда болар еді», – дейді. Аужанбай:
– Ә, солай ма еді. Жарайды, осы тегі қоймадыңыз, бір айтқаныңыз болсыншы. Атымды
қайда байлаймын? – дейді.
Сонда қонақжай үй иесі:
– Ауыз – дарбаза, сөз – самал, құдай ұрғанға не амал?! Тіліме байла, атыңды, тіліме
байла! – деген екен күйініп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   88




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет