Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлдерайым Балагерейқызы Наурызалинаның «мектептегі тәжірибе» кезінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылым бойынша рефлексивті есебі



бет3/5
Дата10.10.2020
өлшемі69,5 Kb.
#64090
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
«Қараторғай» әңгімесін өту кезінде оқушылар музыкадан өткен құстар туралы әндерін орындап сергіді. Әсіресе ортаға ой тастап отырсам, олардың сабаққа деген қызығушылығымен жауап беру кезіндегі белсенділігі артқанын байқадым. Яғни сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта пайдалану жақсы жетістіктерге жеткізеді деген ойдамын. Балалар күннен - күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander,2008), (Нұсқаулық 51 бет). Мен өз іс-тәжірибемде байқағанымдай оқушылардың пәнге деген, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келешекте осы әдісті көбірек қолдансам деген ниеттемін.

Тез жұмыс істейтіндер үшін: тапсырманы ерте аяқтаған оқушылар үшін қосымша карточкалар таратып бердім. Менің тәжірибемде бақылауым бойынша шағын топтардың топ жетекшілерімен жұмысты жүргізген тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді. Сайтцен Гүлназ, Бердалы Берік, Құрманғали Құралай үнемі тақырыпты алдын ала оқып қосымша тапсырмаларды қызығушылықпен дайындап әкелетін. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабағына ынталы қатысатын болды. Әр түрлі деңгейдегі мүмкіндіктері бар оқушылармен жұмыс істеу туралы рефлексивтік есептемені жоғарыдағы өткен сабақтағы бақылауым бойынша көрсеткенді жөн көрдім.

Ы. Алтынсарин: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Тақырыптарды өту барысында «көзбен көретін айғақтар» әдісін қолдана отырып оқушылардың есте сақтау қабілеттері дамыды. Әр тапсырма кезінде топтық ереже ескерілді.

1.Топ мүшелерінің белсенділігі.

2.Өзгелердің ойын тыңдау.

3.Танымдық жаңа ой пікірлер.

4.Бір-біріне көмек беру.

5.Уақытты үнемді пайдалану.

6. Тәртіп сақтау.

Әр сабақта бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Топ болып оқушылар қараторғайға ұя жасады. Бұрын әңгімені оқып, түсінгенін айтатын болса, ал қазір тақырып туралы жан-жақты қарастырылды. Тақырып бойынша таныстырылым, эссе, зерттеушілік әңгіме, қос жазба күнделігі т.б бір сабақта бірнеше тәсілдерді қамтыдым. Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасады. Жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтар да қойылды. Сабақ барысындағы сұрақтар мен жауаптардың нақтылығы маңызды екені түсінікті. Осыны негізге ала отырып, сұрақтарды мейілінше түсінікті тілде өмірмен байланыстыра беріліп, жауаптардың да өзара байланысты болуын қадағалап отырдым. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқартынынын (Нұсқаулық 29 бет) көрсеткендей сабақ кезінде мұғалімнің сұрақ қойғанынан гөрі оқушының оқушыға сұрақ қойғаны дұрыс деп есептеймін. Өйткені оқушылар сыныптасының қойған сұрағына қызығушылықпен жауап береді. Сұрақ жауабы толық болмаған жағдайда «басқа жауап беретін оқушы бар ма?», «кім толықтырады» деп мұғалімнің қайта бағыттауына болады. Егер оқушылардың жауабы дұрыс болмай қалған жағдайда сұрақ қойып отырған оқушы өз ойын ашық білдіріп, мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп береді. Яғни оқушылар арасында пікірлесу, әңімелесу, ой бөлісу арқылы сабаққа деген қызығушылық артады, білім беруде қиындықтар мен түсінбестіктері анықталып, жойылады. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясында 4-деңгей: Өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлікке, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады (Нұсқаулық 24 бет) деген үзіндіні алған себебім осындай түрленген топтық жұмыс барысында тұйық оқушым Қайыпқали Ақтолқын ашыла сөйлеп, сабақ барысында үнемі өз пікірін білдіріп отырды. Бердалы Берік өзін-өзі таныта білумен қатар дарындылық, шығармашылық қабілеті одан әрі шыңдалды. Класта көшбасшы бола білді.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет