Анықтамасы


Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу. Мақсаты. Орындау техникасы. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, мүмкін болатын асқынулар



бет36/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак
Химия. №1 дәріс, Туберкулез органов дыхания у взрослых
90.Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу. Мақсаты. Орындау техникасы. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, мүмкін болатын асқынулар.
Алғашқы хирургиялық өңдеу- асқынулардың алдын алуға және жарақаттың жазылуы үшін қолайлы жағдай жасауға, тіршілікке қабілетсіз тіндерді алып тастауға бағытталған операциялық ем түрі.
Алғашқы хирургиялық өндеу ота мерзіміне байланысты ерте , мезгілі өткен және кеш деп бөлінеді.
1. Ерте хирургиялық өндеу деп жарақат алғаннан бастап алғашқы тәулік (24cағ) ішінде, инфицирленген жарақат процессі дамымас бұрын орындалатын, алғашқы тігіс салумен аяқталатын отаны айтамыз. Тері асты шел май қабатының көлемді жарақаттануында капилярлы кан кетуді толықтай тақтата алмаған кезде жарақатқа 1-2 тәулікке дренаж қалдырылады. Әрі қарай таза операциялық жарақатты емдеу жүргізгендей жүргізіледі.
2. Екінші тәулік ( 24сағаттан 48 сағатқа дейін ) ішінде орындалған хирургиялық өңдеу мезілі өткен алғашқы хирургиялық өңдеу деп аталады. Бұл кезеңде қабыну белгілері дамиды, ісіну және экссудат пайда болады. Мұнда антибиотик енгізумен қатар жарақатты біріншілік мезгілі өткен өңдеу жүргізуге жарақат бетін ашық қалдырып кетеді.
3. Кеш алғашқы хирургиялық өңдеу 48 сағаттан кейін жүргізіледі. Бұл кезде қабыну инфицирленуге етене жақын болады. Мұндай жағдайда жарақатты ашық қалдырып, антибиотикотерапия жүргіземіз.
Жарақатты АХӨ көрсеткішіне жарақатты 48 72 сағат ішіндегі алған кез келген кездейсоқ-жарақат болып табылады.
АХӨ келесі жарақат түрі кезінде орындалмайды
- беттей жарақаттар, сызаттар, сырылулар
- шеттері 1см-дан кем алшақтаған кішігірім жарақат
- терең тіндерді жарақаттамаған көптеген ұсақ жарақаттар ( .бытыралы жарақат);
-ішкі мүшелерді, тамырларды, нервтерді зақымдамаған тесілген жарақаттар;
-кейбір жағдайлардағы жұмсақ тіндердің оқпен өтпелі жарақаттануы;
Қарсы көрсеткіштер
-жарақатта іріңді процесс дамыған кезде
-науқас ауыр жағдайда болса (терминалды жағдай, шоктың 3дәрежесі).
АХӨ этаптары:
-жарақатты тегістеу;
-жара өзегін тексеру;
-жараның шектерін, қабырғаларын, түбін кесу;
-гемостаз;
-зақымданған мүшелер мен құрылымдардың тұтастығын қалпына келтіру.
-дренаж қалдырып, жарақатқа тігіс салу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет