Анықтамасы



бет33/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак
Химия. №1 дәріс, Туберкулез органов дыхания у взрослых
Панариции – қол саусақтары тінінің және сирек аяқ башпайлары тінінің жедел іріңді қабынуы. Саусақтардың сыртқы бетінде пайда болатын іріңдік(тырнақ аймағынан басқа) күбірткеге жатпайды. Күбірткенің бірнеше түрін ажыратады: тері күбірткесі, тырнақ күбірткесі, сіңір күбірткесі, сүйек күбірткесі,буын күбірткесі, пандактилит. Клиника. Жалпы симптомдар: ауырсыну(өте әлсізден өте күшті ауырсынуға дейін, солқылдаған ауырсыну), ісіну(жиі зақымданған ошақта), қызару, бас ауруы, қызудың жоғарылауы, қалтырау. Асқынуы. Көптеген асқынулар болуы мүмкін: лимфа түйіндерінің және тамырларының қабынуы(лимфангит, лимфаденит), миозит, тромбофлебит, сепсис, қол басы флегмонасы(терең тіндер қабынуы), остеомиелит, қанның жалпы зақымдалуы және т.б. Диагностика. Науқастың шағымдары және клиникалық сиптомдарына қарап диагноз қойылады. Күбірткенің формасын және іріңдіктің локализациясын анықтау үшін басы түйіршікті зондпен пальпация жүргізеді. Сүйек және буын күбірткесін ажырату үшін рентгенография жасайды. Буын күбірткесінде өзгерістер бірден анықталмайды және әлсіз көрінеді. Сондықтан диагнозды нақтылау үшін екінші қолдың аттас сау саусағын салыстырмалы рентгенографияға түсіреді. Тактика. Консервативті терапия: дарсонваль, УЖЖ, жылу процедуралары. Хирургиялық жүргізу тактикасы.
Ақыры. Бұл ауру кезінде медициналық көмекке ерте жүгінгенде ғана ақыры қолайлы. Қол басы флегмонасы – қол басы клеткалық кеңістігінің диффузды іріңді зақымдалуы. Клиникасы. Флегмона симптомдары жұмсақ тіндердің зақымдалу тереңдігіне байланысты. Адамда үнемі айқын ауырсыну сезімі, әсіресе қолды бүгіп жазғанда күшейеді. Беткей флегмоналар беткей симптомдармен көрінеді, жалпы жағдайының нашарлауы болмайды. Сондай ақ қол басы ісінуі тән. Барлық саусақтар мөлшері ұлғаяды. Егер алақандық терең флегмона болса, қол басы сыртқы бетінің реактивті ісінуі болады, бұны қол басы сыртқы флегмонасымен шатастырады. Бірақ реактивті ісінуде ауырсыну симптомы айқын емес, бұл аймақты басып қарағанда тін қатты қамыр тәрізді. Алақан ісінген және жазық, көтеріңкісіз және ойықтарсыз. Саусақтар жұмсақ тіндер ісінуінен алшақтаған. Қозғалыс ауырсынумен, сондықтан олар аздап бүгілген. Алақан ашық-қызыл түсті. Бұдан басқа, организмнің жалпы интоксикация белгілері дамиды. . Диагностикасы. Қабынудың басты белгілері – температураның жоғарылауы, ісіну, қызару және ауырсыну. Лабораториялық зерттеулер. Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. . Рентгенограммада сүйектің зақымдалу белгілері 2-апта соңы мен 3-апта басында анықталады.
Асқынуы. Қабыну жоғары бөлікке тарап, білек флегмонасы дамиды. Қол басының білекке өтетін аймақта алақандық бетінде жиі ісінулер мен іріңді қабынулар таралатын ерекше клеткалық кеңістік орналасқан . Кез келген іріңді процесстің ауыр асқынуы сепсис болып табылады. Сондай ақ асқынуларға қабыну процесінен кейінгі тыртықтану нәтижесінде дамыған сіңір, бұлшықет функциясының бұзылуы жатады. Емдеу тактикасы: тек оперативті ем. Ауырсынуды басу жалпы және жергілікті. Медикаментозды емес терапия: трипсин, химотрипсин элетрофорезі, антибиотикотерапия, бұл жағдайдаантибиотиктерді көктамыр ішіне енгізеді, УЖЖ-терапия. Медикаментозды ем: операциядан кейінгі кезеңде микрофлора сезімталдығын есепке ала отырып, антибиотикотерапия, антисептиктер, сульфаниламидтер, протеолитикалық ферменттер, физио- және рентгенотерапия.
Ақыры. Бұл ауру кезінде медициналық көмекке ерте жүгінгенде ғана ақыры қолайлы.
88.Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары: фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет