Анықтамасы


Атерома, тырнақтың ене өсуі, гигромалар кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары



бет35/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак
Химия. №1 дәріс, Туберкулез органов дыхания у взрослых
89.Атерома, тырнақтың ене өсуі, гигромалар кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары.
Атерома шығу өзегінің бітелу салдарынан дамитын терідегі май безінің ісік тәрізді түзілісі.
Клиникалық көрінісі: тері астында дөңгелек формалы түзіліс, беткейі тегіс, қозғалмалы, айқын шектері бар, түзіліс тығыз және сипағанда ауырсынусыз, орталығында шығарушы тармағы ұлғайған және ісінген, ішіндегісі ақ, ботқа тәрізді, эпителий мен без сөлінен тұрады.
Атероманың ұзақ уақыт болуы оның қабынуына және іріңдеуіне әкеледі, сол кезде атерома қуысында абсцесс пайда болады. Мына белгілермен көрінеді: атерома аймағында ауырсыну, терінің қызаруы, ісіну, температураның жоғарылауы.
Негізгі диагностика – атерома аймағын және іргелес теріні визуальды қарау.
ЖТД – дің тактикасы: консервативті , оперативті
Асқынуы болмаса: радиотолқынды алып тастау, сәулелі алып тастау, хирургиялық ем.
Атерома асқынуы: іріңдеу, флегмона
Онихокриптоз (ене өскен тырнақ) – бұл тырнақ пластинасының тырнақтың бүйір бөлігіне немесе айналасына өсіп шығуы. Айқын қабынумен,кейде іріңдеумен сипатталады
Клиникалық белгілері – қатты ауырсынумен, ісінумен, экссудациямен және грануляциялық тіннің жайылып өсуімен білінеді, көбіне аяқтың үлкен бармағына шығады, клиникалық белгілеріне қарап оңай ажыратуға болады.
Емі:
• Емі науқастың жасы мен ауырлық дәрежесіне қарай жүргізіледі
• Аздаған ауырсыну мен айқын емес эритема кезінде консервативті ем көрсетіледі: жылы ваннада 20 минуттан күніне 3 рет ұстау.
• Консервативті емге көнбесе – хирургиялық ем( ауырсыну, айқын эритема, іріңдеу) көрсетіледі. Тырнақ пластинкасын толық немесе бір бөлігін алып тастайды.
Асқынуы:Қант диабеті, атеросклероз,лимфангит,остеомиелит, өкше гангренасы
Гигрома – пайда болған синавиальды қалада немесе буын маңындағы қуыста орналасатын ісік тәрізді түзіліс. Көбіне созылмалы бурситтің нәтижесінде буын жаны қалтасында сарысулы-кілегейлі немесе кілегейлі-фибринозды сұйықтықтың жиналуы
Клиникалық көрінісі гигроманың көлеміне байланысты.Үлкен емес гигромалар кезінде науқастар шағым айтпайды.Көлемі өскен сайын сәйкес синовиальды қалтада ауырсыну пайда болады.Ауырсыну физикалық күш түскенде байқалады.Ауырсынуға гиперестезия мен парастезия қосылады.
Диагностика :диагнозы анамнезінен және клиникалық көріністер арқылы қойылады.Күманды жағдайларда: УЗИ, МРТ және пункция жасалады.
Емі: Консервативті емі: Физикалық күш түсірмеу керек, парафинмен,ультракүлгін сәулемен, батпақпен емдеу арқылы жүргізіледі.Көбіне консервативті ем нәтижиесіз болады. Ең эффективті емі – бурсэктомия болып табылады
Асқынуы: өздігінен немесе травманың әсерінен капсуланың жарылып, құрамындағы сұйықтықтың айналадағы тіндерге жайылып қабындыру немесе іріңдеуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет