Антикоагулянттар



бет4/7
Дата13.11.2022
өлшемі249,9 Kb.
#158001
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Асем Фарма
Biznes-plan-studii-detskoj-animatsii, практикалық тапсырма

Қолданылуы

  • - тромбоздарда, тромбоэмболияларда және олардың асқынуында (алдын алу және емдеу)
  • - қан ұюының алдын алуда (жүрек-қантамыр хирургиясында)
  • - коронарлы қантамырлар тромбозында, диссеминацияланған қантамырішілік қан ұюында
  • - сыртартқысында тромбоэмболиясы бар науқастарда операциядан кейінгі кезеңде
  • - қан айналымының экстракорпоральді әдістері пайдаланылатын операциялар кезінде қан ұюының алдын алуда, гемодиализ жүргізгенде

Қолдану тәсілі және дозалары

  • Гепарин үздіксіз көктамырішілік инфузия түрінде немесе жүйелі көктамырішілік инъекциялар түрінде, сондай-ақ тері астына (іш аймағына) тағайындалады.
  • Алдын алу мақсатында 8-12 сағат аралықтармен тері астына тәулігіне 5000 ӘБ-ден. Теріастылық инъекциялар салу үшін әдеттегі жер іштің алдыңғы-бүйірлік қабырғасы болып табылады (айрықша жағдайларда иық немесе санның жоғарғы аймағына енгізеді), осы орайда жіңішке ине пайдаланылып, бас бармақ пен сұқ саусақ арасында ұсталатын тері қатпарына ерітіндіні енгізіп біткенше перпендикулярлы терең енгізіледі. Әр кезде енгізу орынын ауыстырып отыру керек (гематома түзілуін болдырмау үшін).
  • Алғашқы инъекцияны операция басталғанша 1-2 сағат бұрын салады; операциядан кейінгі кезеңде 7-10 күн бойы, қажет болған жағдайда ұзақтау уақыт енгізеді.
  • Емдік мақсаттарда енгізілетін гепариннің бастапқы дозасы, әдетте, 5000 ӘБ құрайды және көктамыр ішіне енгізіледі, сонан соң емдеуді көктамырішілік инфузияларды пайдаланумен жалғастырады.

Қолдану тәсіліне қарай демеуші дозалар белгіленеді:

  • Қолдану тәсіліне қарай демеуші дозалар белгіленеді:
  • үздіксіз көктамырішілік инфузияда, гепаринді 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, сағатына 1000-2000 ӘБ (24000-48000 ӘБ/тәулік) тағайындайды;
  • мерзім сайын жасалатын көктамырішілік инъекцияларда әр 4 сағат сайын 5000-10000 ӘБ гепарин тағайындалады.
  • Экстракорпоральді қан айналдыруды жүргізгенде 140-400 ӘБ/кг дозада немесе 5000 мл қанға 1500-2000 ӘБ-ден енгізеді.
  • Гемодиализ кезінде бастапқыда көктамыр ішіне 10000 ӘБ, сосын емшараның ортасында – тағы 30000-50000 ӘБ енгізеді.
  • Егде жастағы тұлғаларға, әсіресе әйелдерге дозалар азайтылуға тиіс.
  • Балаларға препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді:
  • 3 жастан асқан балаларға - тәулігіне 500 ӘБ/кг БЖТУ бақылануымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет