«Антисептика»



бет2/6
Дата28.09.2023
өлшемі27,17 Kb.
#182804
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
стерилизация
Зимнаяя, Анамнез жинау Әрекет алгоритмі, Бір компонентті нәжісқабылдағыштарды жабыстыру, Жұтқыншақтан жағынды алу, Бөлмелерді жинауға қойылатын санитарлы, Медициналық қалдықтар, рейно
Залалсыздандыру дегеніміз- бұл патогенді және вегетативті микроорганизмдерді толық ұрықтарымен қоса физикалық және химиялық әдістерімен жою іс- шаралары
Залалсыздандыру орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшесінде жұргізіледі.
ОЗБ – орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшесі қазіргі кезде барлық емдеу мекемелерінде ұйымдастырылған.
Мақсаты:
Медициналық құралдарды алдын ала тазарту,залалсыздандыру
Залалсыздандыру:
а) медицина құралдарын;
б) киімдерді төсек жапқыштар мен таңу матералдарын
в) хирургиялық биялай мен резеңкелі өнімдерді.
ОЗБ-нің құрылысы:
Залалсызданбаған блок;
Залалсызданған блок;
Залалсызданбаған блокта құралдарды, залалсыздандыру алдындағы тазартуды, залалсыздандыруға арналған материалды және бу стерилизаторларын, құрғақ ауа шкафтарын дайындау жүргізіледі.
Залалсызданған блокқа залалсызданған матералды түсіреді. Залалсыздандыруға қанмен, жарамен және зарарланған заттармен қатынаста болған барлық құралдар мен өнімдер жатады. Қолдану барысында кілегей қабықтарға тиетін және оларға жарақат әкелетін құралдар да (катетер, зонд) залалсыздандырылады. Залалсыздандыруда бу, ыстық ауа және химиялық әдістер қолданылады.
Залалсыздандыру өткізу шарттары:Залалсыздандыру фильтрлі не фильтрсіз корапшада, бөз, пергамент немесе дымқылдықты өткізбейтін қапшықты қағаздан жасалған қорапшада, Е маркалы автоматтарда, бұйымдарды орауға арналған қағаз корапшада, ОКМВ - 120 маркалы темір бұйымдарға арналған орағыш қағазда, екі қабатты тығыздалған қағаздан жасалынған екі қабатты жұмсақ орағышта өткізіледі.
Қолданылатын жабдықтау: бумен стерилизациялау
Сапасын бақылау бензой қышқылының көмегімен тексеріледі: бу ішіне 132˚С температура, 2 атм кысымында 20 минуттың ішінде балқитын бензой қышқылының кристалдарымен шишаға салынады.
Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:
І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.
ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.
ІІІ кезең. Медициналық құрал - саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.
IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал - саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.
Жууерітіндісініңқұрамынажатады:
27,5% -17мл сутегініңасқынтотығы.
2. 5,0г ұнтақ \лотос, астра, айна\.
3. 978мл су.
V кезең. Медициналық құрал - жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.
Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет