Антисептикалыќ жјне дезинфекциялаушы заттар



бет1/6
Дата17.12.2023
өлшемі112,5 Kb.
#197412
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
262782(1)
Көбей Аяжан хирургия

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ФАРМАКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ Микробтарға қарсы заттар Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар (Стоматология факультетінің 3 курс студенттеріне арналған) Құрастырған: м.ғ.к. Есетова Қ.Ө. Алматы, 2010

Антисептикалық заттар – бұл инфекциялық үрдістің дамуының алдын алу мақсатында терінің, шырышты қабаттың, жара бетінің және дене қуыстарын залалсыздандыру үшін қолданылатын дәрілік заттар

Дезинфекциялаушы заттар – инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында адамды қоршаған ортадағы (бөлмені, киімдерді, науқасты күту заттарын, жұқпалы науқастардың бөліністерін т.б.) микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылатын заттар

  • Дезинфекциялаушы заттар – инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында адамды қоршаған ортадағы (бөлмені, киімдерді, науқасты күту заттарын, жұқпалы науқастардың бөліністерін т.б.) микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылатын заттар

Антисептикалық және дезинфекциялық заттардың белсенділігін анықтайтын жағдайлар

  • Химиялық құрылымы және соған байланысты физика-химиялық қасиеттері
  • Концентрациясы және диссоциациялану дәрежесі
  • Заттың микроорганизмдерге әсер ету ұзақтығы
  • Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың әсері дамитын қоршаған ортаның температурасы
  • Микроорганизмнің түрі және оның спора түзу қабілеті
  • Микроб денесінің саны
  • Микробқа қарсы әсер көрсетілген субстраттың қасиеті
  • Сутегі иондарының концентрациясы немесе оның рН.

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар

  • Микробтарға қарсы әсер спектрі кең болуы тиіс
  • Микробтарға қарсы белсенділігі жоғары болуы, яғни аз көлемде қоздырғыштың өмір тіршілігін тежеуі тиіс
  • Тез және ұзақ уақыт әсер етуі керек
  • Басқа антисептиктермен және дезинфекциялаушы заттармен үйлесімді болуы керек
  • Жарыққа, жоғарғы температураға тұрақты болуы тиіс
  • Биоорганикалық субстраттардың қатысуында, стерилдегенде және сақтағанда өзінің белсенділігін жоғалтпауы керек


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет