Мақсаты: Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Міндеттері



бет1/3
Дата29.09.2022
өлшемі37,91 Kb.
#151154
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Дайын Қолөнер үйірмесінің жоспары
800123, 198042779, 198042779, 198042779, Документ 2 (1), срез 7-8-кл, ПА, Презентация

Түсінік хат
Бүгінігі ұрпақ өзінің мінез - құлқын, тілін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер жас ұрпаққа жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Осы мақсатта құрылған « Қолөнер » қолөнерге баулу үйірмесі оқушылардың ықылас - ынтасын дамытып, болашақ маман ретінде өзін - өзі тануға мүмкіндік береді.
Үйірменің апталық жүктемесі 9 сағат, жылға 34 сағатқа арналып құрастырылған. Сабақтарда дарынды оқушылардың қабілетін ашып, шығармашылығын дамытып, ізденуге, іс - әрекетін, жобалаушылығын дамытуға жағдай жасап, бар зейінін аударып ынта - жігерлігін арттыру басты мақсат.
Әр түрлі материалдан қолөнер жұмыстарын жасауды, матамен жұмыс тағы басқа жұмыс жасауды тереңірек меңгереді.
Мақсаты:
1.Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
2. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: 
1. Жұмысты ұйымдастырып, керекті материалдарды тиімді, ұқыпты пайдалана білу
2. Оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеп, еңбек мәдениеті мен техника қауіпсіздігінің бастапқы элементтерін меңгеруге бағыттау.
4. Оқушының еңбекке қызығушылық ынтасын нығайту және ой - өрісін кеңейту.
5. Еңбектің қажеттілігін білуін, бастаған ісін талғаммен аяқтауын қадағалау.
6. Балаларды тек жеке бастары үшін еңбек етуге емес, халықтық ортақ үшін еңбектенуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
1.Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа үйренеді;
2.Өз жұмысына және өз жолдастарының жұмысына әділ баға беруді үйренеді;
3.Пәнге деген қызығушылығы, шығармашылық қабілеттері артады.
Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:

  • ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды; 

  • қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;

  • қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;

  • жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;

  • құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;

  • түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;

  • сурет сала білуі;

  • бұйымды эскизін орындай білуі;

  • ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;

  • шаблон үлгілерін дайындауды білуі;

  • технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;

  • үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет