«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша



бет32/68
Дата15.09.2017
өлшемі11,18 Mb.
#32608
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68

Курстың/пәннің мазмұны: Анықтамасы және мазмұны: тұрақты және синусоидалы токтың сызықты электр тізбектері; синусоидалы емес токтың сызықты электр тізбектері; сызықты емес электр тізбектері; электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеу; электр машиналары; электр жетегі және электрмен жабдықтау негіздері. Электр техникасының ғылым ретінде даму тарихы. Бір фазалы синуоидалы токтың электр тізбектері. Синусоидалы ЭҚК алу. Синусоидалы өзгеретін функцияны сипаттайтын негізгі шамалар. Синусоидалы өзгеретін шамаларды кешенді жазықтықтағы векторлармен және кешенді сандармен көрсету. Кешенді амплитуда. Активті кедергі, индуктивтілік, синусоидалы ток тізбегіндегі сыйымдылық. Сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестер. Анықтамасы. Коммутацияның екі заңы. Өтпелі процестерді талдаудың жалпы принциптері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Касаткин В.С., Немцов М.В., Электротехника. М.: Энергоатомиздат, 2000.

  2. Сборник задач по электротехнике и основам электроники / Под ред. В.Г. Герасимова. М.: Высшая школа, 1990.

3. Р.Шидерова, Ж. Әмиров. Электр жетегінің негіздері. АЭЖБИ, Алматы, 2000.

4. Сборник задач по общей электротехнике. Под ред. В.С. Пантюшина. Изд. 2-е, М., «Высшая школа».

5. М.М. Кацман. Электрические машины. М., «Высшая школа» 2001.

6. А.А. Боканова. Электротехника. Часть1. Учебное пособие. – Алматы: КазНТУ, 2005.

7. В.Е. Китаев. Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері. А.: Қазақстан, 1991.

8. Ж.Х. Амиров. Электротехника және электроника. Оқу құралы. Алматы, 2003

9. В.С. Пантюшин Лабораторные работы по электротехнике.-М.: «Высшая школа», 1977г.

10. Г.Мелузин Примеры и задачи по электротехнике. – М.: «Энергия»,1979г.

11. Справочное пособие по электротехнике и основам электроники. Под ред. проф. А.В.Нетушила.-М.: «Высшая школа», 1986г.

12. Н.Қожаспаев, И.Мұхити. Электротехника. Лабораториялық жұмыстар. Алматы, 2005.

13. Н. Қожаспаев, М. И. Мұхити. Электротехника. Алматы, 2007.

14. С. Қадырбеков. Сызықты автоматы реттеу және басқару жүйелерінің теориясы. Алматы, 1996.

15. А. Бекбаев, Д. Сүлеев, Б. Хисаров. Автоматы реттеу және басқару жүйелерінің теориясы,Алматы, 2005.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).




Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері

Пәннің коды: TPBAZh 4211

Пәннің типі: Базалық циклы, таңдау компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: Отарбаев Б.С. – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Суғармалы ауылшаруашылық жерлердің мелиоративтік режимін жылдам реттеу, топырақтың құнарлығын көтеру және топырақтың эволюциялық заңдылықтарға байланысты дамуын автоматты басқаруды қамтамсыз ету. Жүйенің жұмыс істеу қабілетін қамтамсыз ететін және жетілдіретін, инженелік-мелиоративтік мониторинг жүргізетін және суғармалы егістік жердің мелиоративтік режимін жылдам реттеуге және жобалауға арналған өндірістік және автоматты басқару қызметін студенттерге үйрету.

Деректемелер/Пререквизиттері: математика, геология және гидрогеология негіздері, топырақтану негіздері, экология және тұрақты даму, информатика, геодезия, гидравлика, тидротехникалық құрылымдар.

Курстың/пәннің мазмұны: Гидромелиоративтік жүйелерді автоматтандыру. Тұрақты автоматтандырылған жаңбырлату жүйесінің желісі. Суғаруды автоматтандыру. Сорап қондырғылары бар жүйектеп суаруды автоматтандыру желісі. Суды есепке алуды және таратуды автоматтандыру. Шаруашылық аралық су бөлуге арналған су өлшейтін бекеттердің орналасу желісі. Су шығыны тұрақты гидро-бірсыпыра автоматтардың желісі. Гидромелиоративтік жүйелерді басқаруды автоматтандыру.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ж.С. Мұстафаев «Ауылшаруашылық мелиорациясының негізі». Оқу құралы. Тараз, 2003ж.

2. С.И.Харченко, И.А.Канн «Водно-солевой баланс орошаемых земель Южного Казахстана». Ленинград. «Гидрометеоиздат», 1977г.

3. Ж.С. Мұстафаев, А.Д. Рябцов, Ә.Ә. Сағаев, Ә.Т. Қозыкеева, Г.Қ. Қалманова «Суландыру жүйесін пайдалану». Тараз, 2007ж.

4. Н.И. Парфенова, Н.М. Решеткина «Экологические принципы регулирования гидрохимического режима орошаемых земель». Санкт-Петербург. «Гидрометеиздат», 1995г.

5. Под ред. Е.С. Маркова «Сельскохозяйственные гидротехнические мелиорации»

6. В.Б. Зайцев «Рисовая оросительная система»

7. С.И.Қошқаров «Мелиорация ландшафтов в низовьях р.Сырдарьи»



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Гидротехникалық құрылымдар

Пәннің коды: GK 4301

Пәннің типі: Кәсіптендіру цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шомантаев А.Ә.– а/ш.ғ.д., профессор, Отарбаев Б.С. – а/ш.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Гидротехникалық құрылымдарды пайдалануына жалпы принциптермен, негізгі түсініктермен, факторлармен, гидротехникалық құрылымның негізгі техникалық ұзақ мерзімге пайдалану әсерімен, сушаруашылық объектісінде гидротехникалық құрылымдарды әр-түрлі типтерге экологиялық аспектісімен таныстыру. Визуальдық және инструментальдық көріністер құрылыстан кейінгі туралы түсіндіру. Көктемдегі және тасқын суларының өтімділігін натуралдық көріністерден, жалпы және жергілікті шайылуынан, күресу әдістерімен, гидротехникалық құрылымның төменгі беткейдегі жөндеу тәсілдерімен, орта және кіші өзендердің апат жағдайынан қорғау тәсілдерін үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, география, жоғарғы математика, геодезия, сызба геометрия, химия, табиғи сулардың сапасын жақсарту.

Курстың/пәннің мазмұны: Гидротехникалық құрылымдардағы (ГТҚ) курстық және дипломдық жобалауға қойылатын талаптар. Негізгі ережелер мен нормалар. Жобалау туралы жалпы түсініктер. Жобалауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.Құрылымдар кластары.Жалпы ережелер. Жобалау технологиясы. Жобаның мәтіндік және сызба материалдарын жасауға қойылатын талаптары. Тасты және топырақ бөгеттері. Қолдану шарттары. Сүзілуге қарсы элементтері. Бөгеттің тұрақтылығы және деформациясы. Ашық, жабық, құбырлы, мұнаралы,туннельдік сужібергіштердің типтері және конструкциялары. Құрылыс өтімділіктерін анықтау. Каналдағы құралдар. Реттегіш құрылымдар, классификациялар, ерекшеліктері және жұмыс шарттары. Құрылымның типтері: ашық, жабық, диафрагмалық және олардың конструкциясы. Су өлшеуіш құрылымдар. автоматикалық су жіберудің принциптері. >

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ә.Қадырбаев, Ә.Ауланбергенов. Гидравлика негіздері және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету. Алматы – 1996ж.

2. Б.М.Мыржықбаев, А.Б.Мыржықбаева. Гидравликалық машиналар мен насос станциялары атауларының түсіндірме сөздігі. Тараз – 1998ж.

3. Проектирование насосных станций и испытание насосных установок. Под ред. В.Ф.Чебаевского. Москва – 1982г.

4. Насостар және насос қондырғыларын сынақтан өткізу. Б.М. Мыржықбаевтың ред.шыққан. Тараз - 1997ж.

5. Насосы и насосные станции. Под ред. В.Ф.Чебаевского. Москва - 1989г.

6. Б.М.Мыржықбаев. Қалақшалы «ОВ» және ОПВ тектес насостар. Тараз – 1997ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары.
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Су энергиясын пайдалану

Пәннің коды: SEP 4303

Пәннің типі: Базалық циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жүнісов А.Т. – т.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға су энергиясын халық шаруашылығының әр түрлі саласында пайдалануға болатынын түсіндіру. Білімгерлерге су энергиясын пайдалану арқылы жасалатын құрылыс жұмыстарының жоспарын және пайдалану жолдарының түсіндіру.

Деректемелер/Пререквизиттері: математика, геология және гидрогеология негіздері, топырақтану негіздері, экология және тұрақты даму, информатика, геодезия, гидравлика, тидротехникалық құрылымдар.

Курстың/пәннің мазмұны: Энергетика саласының өркендеуі және қоршаған орта жағдайы. Су ресурстарын пайдаланудағы гидроэнергетиканың ролі. Арын, өтімділік және ГЭҚ қуаты. Су шаруашылығы. Ағынды жылдық және көпжылдық реттеудің есептері. Ағынды реттеудің түрлері. Су қоймасын толтыру. Су тасқынын трансформациялау. Су қоймасындағы су ысыраптары. Су қоймасынының қоршаған ортаға әсері. Энергожүйенің қоры туралы түсінік. Энергожүйенің қорын орналастыру. Энергияның альтернативты көздері. Күн және жел энергиясы. Су деңгейінің көтерілуінің, ағынның, толқынның энергиясын пайдаланудағы инжнерлік аспектілер.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Щавелева Д.С. и др. Использование водной энергии. Ленинград, 1985

2. Губин Ф.Ф. Гидроэлектрические станции. Москва, 1982

3. Морозов А.А. Использование водной энергии. Госэнергоиздат, 1978



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Су шаруашылық құрылымдары мен жүйелерін пайдалану

Пәннің коды: SShKZhP 4304

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 4- оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Сағаев Ә.Ә. – техника ғылымдарының кандидаты, профессор

Курстың мақсаты: Болашақ инженер атқаратын жұмысының біреуі – су жүйелерін, су шаруашылық нысандарын пайдалану. Гидротехникалық құрылымдар осы жүйелер мен нысандар болып табылады. Егер гидротехникалық құрылым дұрыс жұмыс істемесе, оны жөнді жұмыс істете алмаса, онда су жүйесі өзінің міндетін атқара алмайды. Гидротехникалық құрылымдар жүктелген міндетті толық атқару үшін, дұрыс жобалануы және салынуы тиіс. Ал дұрыс жобалаудың негізі құрылымды пайдаланғанда болатын жағдайларды, оның атқаратын міндеттерінің ерекшеліктерін және пайдалану тәсілдерін білу. Құрылымды пайдалану мәселелері оны пайдаланушымен қатар жобалаушығада қажет болып келеді. Білімгерлер пәнді оқып білу нәтижесінде гидротехникалық құрылымдарды пайдаланудың даму тарихын білуге тиіс. Пайдалану қызметі мекемелерінің құрамын және пайдалануды ұйымдастырудың негізгі ережелерін оқып білуі тиісті. Құрылымдарды көзбен шолып және аспаптармен бақылауға дағдыландыру. Тасқын суды өткізу әдістеріне үйрету. Тиісті құрылымды бақылауға арналған қазіргі заман аспаптарының құрамын, олардың жұмыс істеу принциптерін, оларды құрылымға орналастыру және бақылау нәтижелерін автоматты түрде өңдеуді оқып білуі тиісті. Құрылымдарды жөндеп бұрынғы қалпына келтіру әдістерін оқып білуі тиісті. Құрылымдарды қайта құру әдістерін оқып білуі тиісті. Құрылымдарды жөндегенде, пайдаланғанда жазылатын түрлі құжаттарды рәсімдеу әдістерін оқып білуі тиісті.

Деректемелері/Пререквизиттері: гидротехникалық құрылымдар, сала экономикасы, су ресурстарын кешенді пайдалану.

Курстың/пәннің мазмұны: Су шаруашылық жүйелер мен құрылымдарды пайдалану туралы жалпы мәліметтер. Су шаруашылық жүйелер мен құрылымдарды қолма-қол және техникалық пайдалану. Жөндеу, қайта құру, жаңарту, қалпына келтіру жұмыстары. Гидротехникалық құрылымдарды қайта құру.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Кавешников М.Т. Экспулатация и ремонт гидротехнических сооружений. М.: Агропрмиздат, 1989.

  2. Пособие для изучения правил технической эксплуатации. Разделы 1,2,3. М.: Энергия, 1979.

  3. Типовая инструкция по технической эксплуатации речных плотинных водозаборов оросительных систем ВСН 33-3.02.02082, М., 1982

  4. Типовая инструкция по эксплуатации водохранилищ для нужд орошения емкостью до 10 млн.м3 ВСН 33-3.02.01-84, М., 1982

  5. Рекомендации по организации и проведению натурных наблюдений и исследований воздействия потока на гидротехнические сооружения и русло реки в нижнем бьефе. ІІ. 70-78, ВННИГ, Л., 1978

  6. Ачкасов Г.П., Иванов Е.С. Технология и организация ремонта мелиоративных гидротехнических сооружений. Учебное пособие для ФПК, М., Колос, 1984.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары.
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Сала экономикасы

Пәннің коды: SЕ 4306

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәні, міндетті компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 8

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шайнұров А.С. э.ғ.к.,аға оқытушы

Курстың мақсаты: Қазақстандағы су шаруашылығының қазіргі жағдайы, әсіресе біздің республикадағы суғармалы жерлердің, су жүйелерінің сапасы, оларды пайдалану жағдайы, су шаруашылығының негізгі және айнымалы қорлары (қаражаттары), нарықтық кезеңдегі инвестициялық саясаттың ерекшеліктері, су шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының нарықтық экономикаға көшу кезіндегі экономикалық қарым қатынастары, еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу жүйесі және салық түлеудің ережелері, өндіоіс шығындары және су шаруашылығының орындаған жұмыстарына, өндірген өнімдеріне баға қою мәселелері, күрлелі қаржылар, олардың экономикалық тиімділігі, су шаруашылығындағы кәсіпорындарды жекешелендіру мәселелері т.б. проблемалар қарастырылған.

Деректемелері/Пререквизиттері: экономика негіздері және де негізгі мамандықтар бойынша оқылатын пәндер.

Курстың/пәннің мазмұны: Нарықтық экономикаға қөшу кезеңінде экономиканың түрлі бағыттарынан білімгерлердің білмін кеңінен арттыру, оның ішінде шаруашьрықтардағы ңегізгі және айналмалы қорларды тиімді пайдалану, жаңадан бөлінген күрделі қаржыларды дұрыс жұмсау (әсіресе су шаруашылығына бөлінген қаржыларды), су жүйелерін салу үшін жасалған жобалардың ең тиімді вариантын экономикалық түрғыдан анықтау, жаңа технологияны және техникаларды өндіріске енгізу нәтижесінде болатын экономикалық тиімділікті анықтау, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын судың бағасын анықтау, гидроэлектростанциялардағы өндірілетін энегияның бағасын белгілеу т.б. есептерді үйрету.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Зузик Д.Г . Экономика водного хозяйства. М.Колос, 1980

2. Ақжапов Ә.А.Әймен Ә.Т. Су шаруашылығы экономикасы.Тараз.,2000

3. Ақжанов Ә.А., Әймен Ә.Т Су шаруашылығы экономикасы.Тараз, ТарМУ, 2007 (практикум)

4. Щавелев Д.С. и др. Экономика гидротехнического и водохозяйственного строительстиа М., 1986.

5. Андреева Д.З. Экономический анализ прозводственной деятельности водохозяйственных организации. М.1989

6. Натальчук М.Ф., Ольгаренко П.И., Сурим В.А. Эксплуатация гидромслиоративных систем.М.Колос,1985

7. Мухамеджанов В.Н., Мусекенов М.М., Мирситов Р.Г. Экономическая оценка и формирование системы цен и платежей за оросительную вод. Тараз, 2000



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Су шаруашылығының жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу технологиясы

Пәннің коды: SShZhUZhТ 4301

Пәннің типі: Кәсіптендіру циклы, таңдау компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Қазбекова Б.М. – су ресурстары және суды пайдалану магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: Білімгерлерді жоспарлау-ізденіс, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру әдістері, мелиоративтік жүйелерді жөндеу және қайта құру, құрылыс өндірісінің экономикалық негіздері, мелиоративтік және су шаруашылығы мекемелерінің құрылымы, жүйесі және функциясы, әртүрлі меншіктегі мекемелердің шаруашылық қызметі туралы негізгі ережелер, өндірістік процесстер және жұмыстарды келешекке, жылдық, өтпелі және жүйелі жоспарлаудың жаңа әдістері, жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамсыз ету, құрылыс жұмыстарының сапасын басқару тақырыбындағы сұрақтармен таныстыру, оқыту және үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, география, жоғарғы математика, геодезия, сызба геометрия, мелиоративтік топырақтану, гидротехникалық құрылымдар, гидравлика.

Курстың/пәннің мазмұны:

Су мекемелері және ауыл шаруашылық жүйесі және олардың функциясы. Орталық және регионалдық су шаруашылық органдары және оның құрылымы. Мелиорация және су шаруашылығы жүйесінің мекемелерінде еңбек процессін ұйымдастыру. Еңбекті ұйымдастыру. Жобалау ізденіс жұмысын ұйымдастыруы. Жобалау мекемелерінің құрылымы, жүйесі және функциясы. Күнтізбелік жоспар. Күнтізбелік жоспардың негізгі принциптері. Күнтізбелік жоба жиыны. Торлама графиктің есебі. Торлама графиктің параметрлері. Құрылыс объектісінің жоба-сметалық құжаттарын сараптау.Құрылысқа қажетті материалдық ресурсқа тапсырыс беру. Тасымалдау жұмысын үиымдастыру. Құрылыс материалдарының объектілік құнын анықтау. Техникалық қызмет пен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау.>



Ұсынылатын әдебиет:

1. Дикман Л.Г. «Организация и планирование строительного производства» - М., Высшая школа.

2.Ясинецкий В.Г. «Организация, планирование и основы управления водохозяйственным строительством» - М., Колос.1982

3. Хамзин К.С. «Құрылыс өндірісінің технологиясы». Алматы. Қайнар, 1991ж.

4. Байманов А.А., Жүсіпов М.М. «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару». Қызылорда. 2010 ж.

5 Зубайров О.З., Сағаев Ә.Ә. «Суғару және суғару жүйелерін пайдалану» - Қызылорда, 2000.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Жерді мелиорациялау, рекультивациялау және қорғау

Пәннің коды: ZhMRK 4304

Пәннің типі: Кәсіптендіру цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 4 - оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ақылбаев Қ.И. – т.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға жердің жағдайын нашарлататын үрдістерден сақтану және осы үрдістерді тоқтату, техногенді түрде бүлінген жерлерді рекультивация жолымен қалпына келтіру әдістері жайлы білім беру. Пән кешенді, себебі, ол тек қана техногенді түрде бүлінген жерлерді қорғау және қалпына келтіру мәселелерін ғана емес, сонымен қатар табиғатты пайдаланудың жалпы мәселелерінде қамтиды. Осының арқасында жерді баптаудың және қорғаудың әдістерін дұрыс таңдап алуға және қолдануға мүмкіндік туады. Курсты оқып, игеру болашақ мамандардың дүниетанымдық және ойлы әрекеттік дайындығының кеңеюіне ықпал жасайды. Пәнді оқып, игеру барысында алған білімдері адамның антропогендік іс-әрекетінің нәтижесінде болатын табиғат жүйесінің тепе-теңдігінің бұзылуының және бүлінуінің себептерін анықтауға қол жеткізеді.

Деректемелер/Пререквизиттер: Мектептегі физикалық география, химия, физика, математика, ботаника, биология пәндері. Жоғары оқу орнында: математика, геодезия, экология, мелиоративтік топырақтану, геология және гидрогеология, мелиоративтік егіншілік, өсімдік шаруашылығы, суару мелиорациясы, ландшафттану және табиғи-техногендік кешендер.

Курстың/пәннің мазмұны: Білімгерлерді жаратылыстық қорлармен және биосфераның компоненттерімен таныстыру. Қоршаған ортаның ластану себептерімен таныстыру. Биоценоздармен және агробиоценоздармен таныстыру. Топырақ жамылғысымен және оның табиғаттағы пайдаланудағы алатын орнымен, топырақ жамылғысының бүліну үрдістерімен таныстыру. Бүлінген жерлерді баптаудың бағыттарымен және кезеңдерімен таныстыру. Жерді баптаудың әдістерімен және технологиясымен таныстыру. Топырақты зиянды заттармен ластанудан сақтаудың және ластанған топырақтарды тазартып өндіріске пайдаланудың жолдарымен таныстырып оларды іске асыру жолдарын үйрету. Топырақ қорғау шараларын кешенді түрде негіздеуді және қолдануды үйрету. Жерді баптаудың әдістерін дұрыс таңдап алуды үйрету. Баптау жұмыстарын жүргізудің алдыңғы қатарлы технологияларын қолдануды үйрету. Топырақ қорғау, топырақты қалпына келтіру шараларының тиімділігін анықтауды үйрету. Жерді баптау. Бүлінген жерлерді баптаудың бағыттары. Жерлерді баптаудың кезеңдері. Техникалық баптау. Биологиялық баптау. Жерді қорғау. Топырақ эрозиясы. Су эрозиясы. Жел эрозиясы. Топырақты тұзданудан және батпақтанудан қорғау. Топырақты ластанудан қорғау. Құмдарды бекіту және игеру. Жер заңдарының негізі.

Каталог: Docs -> WEPsait -> oku
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
oku -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
WEPsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
oku -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет