Ақпараттық технологиялар нарығындағы делдалдық ұйымдардың рөлі


Инновациялық тәуекелдерді басқару әдістері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#185579
1   2   3
Байланысты:
Без названия
4чет 6кл
1-кесте 
Инновациялық тәуекелдерді басқару әдістері 
 
Тәуекелдерді өтеу әдістері тобы 
ұйым қызметінің стратегиялық жоспарлануы; 
белсенді маркетинг; 
сыртқы ортаны болжау; 
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық орта мониторингі; 
қор жүйесін құру 
Тәуекелдерді бөлу әдістерінің тобы 
қызмет түрлерін әртараптандыру; 
өткізу және жабдықтауды әртараптандыру; 
кредиторлық міндеттемелерді әртараптандыру; 
инвестицияларды әртараптандыру; 
қатысушылар арасында жауапкершілікті бөлу; 
тәуекелдерді уақыт бойынша бөлу 
Тәуекелдерді оқшаулау әдістерінің тобы 
венчурлық қаржыландыруды пайдаланатын ұйымдар құру; 
тәуекелді жобаларды орындайтын арнайы бөлімдер құру 
Тәуекелдерден кету әдістерінің тобы 
сенімсіз серіктестерден бас тарту; 
тәуекелді жобалардан бас тарту; 
түрлі тәуекел түрлерін сақтандыру; 
кепілдемелер іздестіру 
 
Тәжірибе жүзінде тәуекелге әсер етудің келе-
сідей әдістері бар: 
- Тәуекелден қашу (Avoidance)
– тәуекел 
немесе жоба мақсаты мен нәтижелеріне әсерді
жою мақсатында жоба жоспарын өзгерту. 
- Тәуекелдерді беру (Transference) 
– тәуекел 
салдарларын үшінші жаққа аудару. Тәуекелді 
аудару оны жоймайды, тек тәуекелді басқаруды 
үшінші жаққа береді. Əдетте тәуекелдерді 
аударғаны үшін сақтандыру сыйақысы ұсталынып 
алынады. Мысалы, негізгі қорларды сақтандыру
опциондар сатып алу.
 
- Тәуекелдерді азайту (Mitigation) 
– тәуекел-
дің жағымсыз салдарларының орын алу ықти-
малдылығын 
азайту, 
мысалы, 
шаруашылық 
қызметті әртараптандыру көмегімен. 
 
- Тәуекелді қабылдау (Acceptance) – 
мұндай 
әдіс кезінде тәуекел ескерілмейді, ал жоғалтулар 
болған жағдайда оны жабуға қорлар қалыптас-
тырылады. Мысалы, венчурылық жобалар [5].
 
Тәуекелдерді минимизациялау әдістерін жүзе-
ге асыру белгілі бір шығындарға алып келеді, сон-
дықтан әдістердің бірін таңдау кезінде шығындар 
тиімділігін бағалау қажет. Кері жағдайда тәуекел-
дерді минимизациялауға кеткен ақталмаған шы-
ғындар тәуекел шығындарынан асып кетуі 
мүмкін.
Қорытынды кезеңде тәуекелдерді басқару 
әдістерін қолданылуын бақылау және нәтижелер 
мониторингі жүргізіледі: 
Негізгі факторлардың тәуекелдерді басқару 
жөнінде шешім қабылдамастан алдыңғы фактілік 
мәнін таңдалып алынған басқару әдісін жүзеге 
асырғаннан кейінгі мәнімен салыстырамыз; 
Таңдалып алынған тәуекелдерді басқару әдісін 
жүзеге асырған кейінгі негізгі факторлардың 
мәнін және тәуекелдерді басқару бағдарламасын 
жүзеге асырғанға дейінгі факторлардың мақсатты 
мәнімен салыстырамыз; 
Нәтижесінде тәуекелдерді басқару әдістерінің 
тиімділігі анықталады, қолданылып отырған әдіс-
терді жақсарту мүмкіндіктері анықталады, жаңа 
тәуекелдер анықталады, содан кейін тәуекелдерді 
басқару үдерісі қайталанады, енді сапасы жағы-
нан неғұрлым жоғары дәрежеде [6].
Тәуекелден толықтай құтылу мүмкін емес, 
дегенмен оның инновациялық қызметке әсерін 
жеңілдетуге болады Тәуекелді азайту жолдарын 
таңдау мекеме басшысының тәжірибесіне және 
мекеменің мүмкіндіктеріне байланысты. Неғұр-
лым тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін жобаны 
жүзезеге асырудың кез келген кезеңінде бір ғана 
емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылуы 
мүмкін.
Инновациялық қызмет тәуекелге өте жақын 
болғандықтан, инновациялық жобалардың тәуе-


Инновациялық жоба тәуекелдерінің ерекшеліктері және оларды басқару әдістері 
136 
ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3 (91). 2012
кел деңгейін анықтау, бағалау және басқару өте 
күрделі. Осыған байланысты инновациялық жо-
балардың тәуекелін басқару тәжірибе жүзінде 
белсенді түрде жүргізілмейді. Сондықтанда инно-
вациялық қызметпен айналысуды тәуекелділік 
бизнеспен баламалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет