Қапшағай қаласы 7 орта мектеп математика сабағында қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі387,29 Kb.
#156347
  1   2
Байланысты:
1513920729 (1)
Әдістер



Ақылаева Бакыткул Чапайовна
І (ілгерлі) деңгейлі сертификатталған
Математика пәні мұғалімі
Алматы облысы
Қапшағай қаласы
7 орта мектеп
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Бүгінгі күнде математика пәнін сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Сыни тұрғыдан ойлау барысында, оқушы өзі сүріп отырған өмірінің озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.
Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану кез келген мұғалімнің қажеттілігіне бағытталғанын естен шығармауы тиіс. Математика сабағында оқушылардың өз бетімен білім алу дағдылырын дұрыс қалыптастыру - мұғалім үшін биік шыңға шыққанмен бірдей болмақ және оның алған қамалы деп те айтуға болады.Сондықтан да, тапсырмаларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажеттігі туындайды.
Сол себепті де математика сабағында қолданып, тиімді нәтиже сәтті шыққан белсенді әдіс –тәсілдеріммен бөлісуді жөн санадым.
Мысалы , бірінші 7 сыныптың алгебра «Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері» сабағында қорытындылау сабағында қолданған «Алтын балыққа арналған аквариум» атты әдіс-тәсілді сыныпты екі топқа бөліп, алтын балыққа арналған аквариумда топтың ең белсенді деген оқушыларын отырғызып, ал аквариумның сыртына қалған топ мүшелерін тыңдаушы ретінде қатыстырып қолдандым. Тыңдаушылар өтілген тақырыптар бойынша бірнеше тапсырмалар дайындап, аквариумда отырған топтардан сұрақтарының жауаптарын алып, өз білімдерін нақтылап қорытындылауға , түсінбеген тақырыптарын түсінуге талпынды. Бұл әдіс сабақты қайта қарап , әлі де түсінбеген жерлерін толықтырып алуға әбден мүмкіндік тудыратынын көруге болады. Осы тақырып бойынша дәрежененің қасиеттерін дұрыс тұжырымдап айтуды үйренеді. Онда «Егер де және Керісінше» сұрақтары бойынша дәреженің барлық қасиеттерін тура бағытта , керісінше сұрақ берсе кері бағытта дұрыс жауабын беріп, тұжырымдамаларды қатесіз айтып үйренумен қатар, математикалық тілде сауатты сөйлеуге төселеді. Тыңдаушының ролінде отырған топ мүшелері ішкі топтың әбір жауабынан өзін үйрете отыра шыңдалып, ішкі топқа кіруге талпынады. Бұл тұста сын тұрғысында ойлаудың тағы бір керемет тәсілі Дананың сиқырлы кілттерін қолдан да өте тиімді. Дананың сиқырлы кілттерінің бірнеше түрлерін таңдауды оқушыларға ұсынуға болады. Соның бірі Дананың «Егер де..» кілті және «Керісінше» кілті. Кілттерді қолдана отырып, берілген сұрақтардың жауабын акваримдағы топ мүшелері арқылы ашуға болады. Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттеріне байланысты формулаларды білуі шарт екені бәрімізге мәлім. Олай болса , оқушы формуланы да нақты біліп , оны тапсырманы орындауда қолдануы тиіс. Формулаларды қатесіз жаттау үшін «Кір жуу» әдіс-тәсілін қолданған өте тиімді.Формуланы жатқа білмеген оқушы есептер шығаруда мүлде қолдана алмайды. Оқушыларға жұптық тапсырма ретінде формуланы жаттап дағдылану үшін , осы тәсілді қолданған өте тиімді. Себебі , оқушы «кірді таза жуу» керектігін біледі. Таза киім ғана жіпке ілінетіні шарт. Олай болса оқушылар формуланы қатесіз жаттап жазса ғана , «жуған кірін» жіпке ілетінін біледі.
Жұптық жұмыс кезінде ұсынуға болады. Оқушылар бірнеше киімдерді жууға даярлайды, яғни қағазға бірнеше киім үлгісін қиып даярлап, жаттаған формуласын жазып шығуы тиіс.Кірді жууып біткен оқушы болғанын айтады. Жұптар бір-бірінің кірлерінің таза жууылғанын тексереді,яғни киім үлгісіндегі формулалар қатесіз жазылса жіпке ілінеді; ал қате жазылса , ол формуланы қайта қарап жаттайды. Жұптар бір-бірінің формулаларынң қатесіз жазылғанын тексеру арқылы , бір сөзбен айтқанда бірін-бірі бағалауын іске асырып, түзету жұмыстарын жасатады. «Кір қашанғы таза жуылғанша», яғни формула дұрыс жатталғанша жалғастырылады. Алгебра пәнінен 9 сыныпта «Биквадрат теңдеу» тақырыбына тоқталғанда оқушылармен бірігіп зерттеу жұмысын жасауды ұсындым. Ол үшін «Фишбоун» әдісін ұсындым. Квадрат теңдеуді шешуді білетін оқушы үшін биквадрат теңдеуді шешудің ешқандай қиындығы болмайды. Биквадрат теңдеудің квадрат теңдеумен ұқсасатығын байқау, егерде жаңа айнымалы енгізсе, ол қандай түрге келтірілетінін сұрастыра отырып, ұжым болып талдау талқылаулар жасай отырып, тақырыпты өздігінен түсінуге бағыт-бағыт беруге болады. Жетелеме сұрақтар мен ізденушілік қабілеттерін қолдана отырып, биквадрат теңдеудің шешу жолының әрбір қадамдарын анықтап зерттеп шығып, толық меңгертуге болатына көз жеткізуге болады. Бұл тәсіл оқушылардың ұжым болып, шешілмей жатқан проблемалардың жолдарын қалай анықтау қажеттігін іздестіріп, оның ізденіс қадамдарының жолдарын айқындаудың керектігін түсінуге, өздігінен зерттеу жұмысын жасауға тәрбиелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет