Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы мекені «Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы»


Қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау



бет6/11
Дата27.05.2023
өлшемі9,31 Mb.
#177829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Марс Назар құжат

Қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау: негізгі қорытындыларды тұжырымдау, зерттеу нәтижелерін қорытындылау, сонымен қатар практикалық қолдану үшін ұсыныстар беру.

II.Негізгі бөлімі
II. I.Медицина. Отандық медицинаның дамуы.
Медицина «лат.medicina: medicus -дәрігерлік,емдік» адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Орта ғасырларда энциклопедист - ғалымдар Әл -Фараби, Әбу-Мансұр, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхамед Хайдар медицина ғылымында елеулі із қалдырған. Қазақстанның медицинасы төңкеріске дейінгі кезеңде өз бетінше дамыды, тұрғындар негізінен халық медицинасын кеңінен қолданады. А.Васильев, А.Ячмин, А.Диваев және басқалар көрсеткендей, 19 ғасырда Қазақстанда медициналық қызметпен негізінен бақсылар, сынықшылар, тәуіптер айналысқан. Бақсылар дәрі дайындай білген. Олар сол уақытта ғылыми медицинада да қолданылған дәрі-дәрмектерді пайдаланды. Бұндай дәрілерге раушан, майкене, дермене тұқымы, анар ағашы, цикорий, андыз, дермене жусаны, ашудас, күкірт қышқыл магнезиі, сынап, күкірт тотияйын, мышьяк, мүсәтір спирті, азот қышқылы, хинин, апиын жатады. Бақсылар асқазан – ішек сырқаттары кезінде әртүрлі дәрілер қолданады. Мысалы, асқазған ауырғанда рауғаш , апиын берген. Іш өткенде науқасқа жұпар жаңғағы шайының қою тұндырмасын, қарақат тұндырмасын берген. Қатты жөтел кезінде шайға немесе сорпаға салынған бұршаққынды бұрыш тұндырмасын қолданған. Қазақтың отандық емшілері қымызды негізінен туберкулезді, қырқұлақты, хлорозды, қаназдықты, жүрек-қантамыры және асқазан-ішек сырқаттарын емдеуге пайдаланған. Жұқпалы ауруларды емдеуде отан медицинасының өз құралдары мен әдістері болған. Шайды терлету құралы ретінде пайдаланған. Аурудың алдын алу мақсатында алапеспен ауратын адамдарды сау адамдардан бөлек ұстаған. Шешекпен ауратын бір адам болсада, бүкіл ауыл қонақ қабылдамаған. Отандық емшілер тері ауруларында емдей білген. Ол үшін күкіртпен қойдың майынан жасалған жақпамайларды және құрғақ жидектері мен күлі бар күйдірілген киіз ұнтақтарды қолданған.
19 ғасырдың соңында Қазақстанда жұмыс істеген Александр Яковлевич Соколов бақсылар адам анатомиясын білмеседе,олардың кейбіреулері күрделі хирургиялық оталар жасаған деп көрсетті. Олар қуықтағы тастарды алған, катарактаны сығып шығарған, сынықтарды, буынның таюын емдеген. Тістің ауруын мендуана мен май қоспасымен емдеген, кейде құрғақ медуана басқан. Жылан шаққан уын ауызбен сорып алған. Қазақстанның халық медицинасын Александр Яковлевич Соколов осылай сипаттаған.
Қазақ медицина ғылымының даму тарихы 1925 жылы 17 қыркүйек айында Өлкелік санитарлық-бактериологиялық институт ғылыми мекемесінің ұйымдастырылуынан кейін басталды. Институтың нақты мақсаттары мен міндеттері белгіленді. Институт біраз уақытқа дейін ғылыми зерттеулер жүргізілген республикадағы жалғыз ғылыми-тәжирбиелік мекеме болып табылды. Қазақстанда медициналық ЖОО құру мәселесі 1928 ж. көтеріле басталды. Себебі, отанымызда медицина қызметкерлерінің тапшылығы байқалды. Сол кезде Денсаулық сақтау Халық Комиссариатының мәлеметтері бойынша 1930 жылы республикада барлығы 737 дәрігер, 45 тіс дәрігері, 165 фармацевт, 602 мейірбеке болған. Әсіресе ауылдық жерлерде 30 пайыз аудандарда ешқандай медициналық көмек көрсетпеді. Осындай қиын жағдайдан шығудың шешімі:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет