Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


Мектеп формасына тҥрлі конфессияларға қатысты діни киім



Pdf көрінісі
бет7/48
Дата02.04.2024
өлшемі0,95 Mb.
#200472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
ТЖО КІТАП
9қ.06.05
Мектеп формасына тҥрлі конфессияларға қатысты діни киім 
элементтерін қосуға болмайтындығына білім беру ҧйымдарының 
басшылары аса назар аударуы қажет. 



Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін 
(белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе 
аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бӛлігінде орналасады.
 
Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу 
сабақтарының ӛткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим 
ескеріліп, іске асырылады. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша 
жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым 
салынады.
Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады. 
Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн 
және мақта, киіске тӛзімді, антибактериалдық, антимикробтық және 
антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.
Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын 
орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айқындайды, жалпымектептік ата-
аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
Оқушылардың ата-аналары мектеп формасына қатысты сұрақтарды 
талқылауға қатыса алады, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізе алады 
және мектеп формасына ӛзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен 
келісу арқылы қабылданады. Мектеп формасын отандық киім тігуші 
кәсіпорындардан алуға кеңес беріледі. 
Педагогикалық әдеп қағидалары 
Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен 
бекітілген Педагогикалық әдеп қағидалары білім беру ұйымдарының педагог 
қызметкерлері басшылыққа алатын педагогикалық әдеп қағидаттары мен 
нормаларының жалпы жиынтығын білдіреді. Қағидалар ережелерін педагог 
қызметкерлердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі 
сапасын бағалау ӛлшемшарттарының бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет