Қарақұм жалпы білім беретін кмм-сының «Ұшқыр ой» дебаттық клубының өткізілген іс –шаралар АҚпарламасы



Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#150825
Байланысты:
дебат Office Word
1573017237341

Қарақұм жалпы білім беретін КММ-сының «Ұшқыр ой» дебаттық клубының өткізілген іс –шаралар
АҚПАРЛАМАСЫ
Дебат — мақсатты, ретке келтірілген көзқарас, пікір мен идея алмасу. Әлемдік тәжірибеде жастардың дебат қозғалысы ерекше әлеуметтік құбылыс саналады. Халықаралық мектеп лигасы дебат қауымдастығына 50 ел кіреді. Дебат саясат, бизнес, әлеуметтік қызмет, білім беру, психология және тағы басқа салаларда қолданылады.
Қарақұм жалпы білім беретін мектепте «Ұшқыр ой» клубы құрылды. «Ұшқыр ой» дебат клубы 2021 жылы қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл клубтың ашылу мақсаты - аудандағы жастар мен оқушылардың ораторлық қасиетін арттыру және де оларды көшбасшылықа тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту — өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет.
Клубка 8-11 сынып оқушылары жасақталды. «Ұшқыр ой» дебаттық клубына Мырзағұл Ернар және Бегенова Зерлеш жауапаты болып бекітілді. Жыл бойы оқушылардың дебатқа деген ынтасын ашу мақсатындағы жұмыстар жүргізіліп соның ішінде Боранқұл жалпы білім беретін мектеппен Қарақұм жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Тауелсіздіктің -30 жылдығына орай ашық алаң дебат сайсысы өткізілді.Боранқұл мектебінен «Жалын» және Қарақұм мектебінен «Қыран» екі топтық дебаттық сайысынында нәтежиесінде Бірінші орынды «Қыран» тобы жеңіп алып үздік спикер болып Нияз Аяжан мараппаталды.. Сәуір айында Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кітап әлде, әлеуметтік желі» тақырыбында дебаттық сайыс өтті. Дебатқа 9-11 сынып оқушыларынан 2 команда қатысып, нәтижесінде «Ұшқыр ой» командасы жеңіске жетті. Ұшқыр ой еркін-пікір клубы.
Қазан айында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруы мен өткен. Еркін пікір сайысында 18 команда арасына 2-ші жүлделі орынды иеленді. Және сол жарыста жүзден жүйрік шығып көзге дара түскен 4 оқушыны ЛД форматына іріктеп алды. Сол іріктеуден сүрінбей өткен мектебіміздің оқушысы Исатайұлы Нұртай болды.
9-11 сыныптар арасында «Өз құқығыңды білесің бе» , «Біз және біздің құқығымыз» , «Біздің шексіз әлем» , «Менің таңдауым» атты тақырыптарда дебаттар үздіксіз жыл бойы өткізілді.
ТӨМЕНДЕ ФОТОСУРЕТТЕР ЖАЛҒАНДЫ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет