Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ


Е.И.ТИХЕЕВАНЫҢ (1865-1941) ҚАРАПАЙЫМ



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
Математика
docx1548691362 (21), 9. Определение тяжести состояния детей по ИВБДВ, Развитие речи, тарих гос сурак-отв дурысы (1)
 
Е.И.ТИХЕЕВАНЫҢ (1865-1941) ҚАРАПАЙЫМ 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 
 
Ағарту ісі саласындағы белгілі қайраткер,
 
әдіскер-педагаог 
Е.И.Тихеева сандық түсініктердің балада қалыптасуыны әрине 
оның зорлықсыз және қысым көрсетуінсіз дамуы барысында 
жүзеге асырылуы керектігін ұсынады. Осыдан білім көлеміне, 
материалға жасаған әдістерге қойылатын талаптар келіп шығады. 
Бұл талаптар білімді жеңіл және зорлықсыз игеруге қажетті 
жағдайлар жасауға келіп тіреледі. Мұндай игерудің Е.И.Тихеева 
ұжымдық түрде оқыту жағдайларында емес, ойында және күн-
делікті балалар өмірінде қамтамасыз етуге болады деп санады. 
Өзінің «Осы заманғы балабақша» (1920 ж.), «есеп кішкене балалар 
өмірінде» деп аталатын кітаптарында Е.И.Тихеева мектеп жасына 
дейінгі балалардың жүйелі оқуына қарсы пікір айтады. 
Ол балалар жеті жасқа дейін күнделікті өмір мен ойын 
үрдісінде санай білуге өздері үйренуі керек деп санады. 


27 
Сонымен қатар ол (өмірдің) оқытудың бүтіндей стихиялы 
жүргізілуіне де қарсылық білдірді. Балаладың өмірде алған сандық 
түсініктерін бекітуге ол жасаған дидактикалық материалмен 
арнаулы ойын-сабақтар ұсынылып отырылды. Санды жеңіл және 
елеусіз игеру үшін Е.И.Тихеева жұптық карточкалар, лото және 
басқа үлгідегі құралдар жасаған. Бұдан басқа ол сандық және 
кеңістік түсініктерін игеруде жүйелілікті қажет ететінін айтумен 
бірге олардың тақырыптарының қажеттігін түсіндіріп отырған.
Есеп материалы ретінде табиғи материалдарды – тастарды, 
бұтақтарды, жапырақтарды, бүршіктерді, сондай-ақ кішкене 
ойыншықтарды, түймелерді, ленталарды және т.б. пайдалануды 
ұсынды.
Е.И.Тихеева балалар меңгеруге тиісті білім көлемін де 
айқындады. Мұнда мектеп жасына дейінгі балалардың математи-
калық дамуының берік іргетасы болып табылатын алғашқы 
ондықты дұрыс игеруінің маңызы ерекше деп атап көрсетті. Ол 
балаларды цифрмен таныстыру қажет деп санады. Сол үшін ол 
бірінде цифрлар, екіншісінде сандық пішіндер жазылған жұптық 
карточкалармен жүргізілетін ойындарды ендірді. Е.И.Тихеева 
көрсетілген цифрға немесе сандық пішінге сәйкес ұсақ заттар 
салынып қойылған есептік жәшіктерді пайдалануды ұсынды. 
Сондай-ақ бөлменің әр жеріне жайып қойылған ойыншықтар 
топтарының астына цифрлар салып қоюды ұсынды. Осы тапсыр-
малардың барлығының негізінде Е.И:Тихеева балаларды қосу, 
азайту амалдарымен және цифрлар мен белгілер жазылған дайын 
карточкалардың көмегімен олардың «жазылуымен» таныстырды. 
Мысалдармен қатар мәселе есептер де ендірілді. Ол үшін әрбір 
қолайлы жағдайды пайдалану ұсынылды. «Баланың екі кәмпиті 
бар еді. Ол біреуін жеп қойды. Есеп көз алдыңда дейді,- 
Е.И.Тихеева. Қанша кәмпит қалды?». Ол өмір тәжірибесінен су-
реттер бойынша есептерді құрастыру және шешу негізінде балалар 
түсінігі бойынша ауызша есептерді шешуге көше алады. Сондай-
ақ Е.И.Тихеева кішкене ойыншықтарды пайдаланумен балаларды 
есепті өздігінен құрастыра білуге үйретуді ұсынды. Е.И.Тихеева 
балаларды түрлі көлемдегі заттармен таныстыруға, олардың ара-
сындағы қатынастарды игеруге: көп-аз, жуан-жіңішке, ұзынырақ-
қысқарақ және басқаларға көп көңіл аударды. Өлшемдерді 
ажыратуға арналған ойындар арысында 5-6 жастағы балаларды 


28 
көпшілік қолданатын өлшемдердің көмегімен өлшеумен таныс-
тыру мүмкін деп санады. Осы мақсатпен ол балаларды (гир) 
гірмен таныстырды және оны қалай пайдалануға болатынын 
үйретті. Сондай-ақ балалар ыдыстың сыйымдылығын стаканмен 
өлшеу арқылы көлем туралы түсінік алады. Түрлі заттардың 
салмағымен және көлемімен таныстыру үшін Е.И.Тихеева 
таразыны пайдаланды, салмақтың көлемге байланысты қызметін 
ашып берді. Ол өлшемдердің бұл түрлерінің мақсатсыз тек оқу 
сипатында болмауы, алған білімін тәжірибелік есептермен бай-
ланстыра отырып, мысалы, «Дүкен ойыны» оларды ойындарға 
қосу қажет екендігін көрсетіп береді. 
Балаларды мектепке даярлау кезінде Е.И.Тихеева оқуға және 
санай білуге үйретудің маңызын атап көрсетті. Сонымен бірге тек 
жекелей оқуды мақұлдады. Алайда ол жасаған ойындар, құралдар 
(лото, домино) бірлесіп пайдалануға арналды. Дидактикалық 
құралдар үйретушілік рөл атқарды. Е.И.Тихееваның пікірінше 
тәрбие өздігінен үйрену үрдісін ұйымдастыруы және тек бала-
лардың ойын ережелерін орындауына бақылау жасауды жүзеге 
асыруы керек. Мұндай пікір дидактикалық ұстаным деп аталатын 
дидактикалық ойындардың және ойыншықтарды пайдаланудың 
маңызын асыра бағалаушылықтың нәтижесі болып табылады. 
Тікелей оқытудың және тәрбиешінің балаға ықпалы көрінер көзге 
бағаланбады. 
Терең білетін Е.И.Тихеева оқытудың, оқу материалын 
біртіндеп күрделендірудің қажеттігін сезінді, бірақ өзінің 
ұсыныстарында сол кезде кеңінен тараған еркін тәрбие теориясына 
сүйенді.
Көзқарасындағы 
кейбір 
қателіктерге 
қарамастан 
Е.И.Тихееваның жалпы педагогикалық пікірлері мен оның есеп 
жөніндегі құралдары осы уақытқа дейін өзінің құндылығын жо-
ғалтқан жоқ. Олар кеңестік мектепке дейінгі педагогиканың жалпы 
қорына енді. Одан кейін математикалық түсініктерді қалыптас-
тыру әдістемесінің мәселелерін жасауға Ф.Н.Блехер кірісті. 
Оқытудың мазмұны мен әдістері туралы негізгі ойлары «Матема-
тика балабақшада және нөлдік топта» (1934 ж.) деген кітабында 
баяндалған. Бұл кеңестік балабақша үшін математика бойынша 
бірінші оқу құралы және бағдарлама болды. Балаларды есепке 
үйретуде Ф.Н.Блехер жасаған бағдарламада баланың түрлі сан-


29 
дарды қабылдауының уақыты мен мерзімдері туралы шетелдік 
психологтардың мағлұматтары пайдаланылды және 3-4 жастағы 
балаларды «көп» және «бір» деген ұғымдарды ажыратуға және 
бөліп ала білуге үйрету, оларда тиісті ойыншықтарды қабылдау 
және оларды сөзбен сан деп белгілеу негізінде 1,2,3 сандары 
туралы оларда түсінік қаыптастыру ұсынылды. Мектепке дейінгі 
орта жаста (5-6 жас) 10 көлемінде заттардың сандық сипаттамасын 
айқындайды. Есеп негізінде сандардың құрамын, цифрларды білу 
іс жүзінде шағын топтардан сандар құрастыру қосу және азайту 
амалдарын орындау, екінші ондықты игеру, мазмұны жағынан 
балалардың өмір тәжірибесіне жақын келетін жеңіл арифмети-
калық есептерді шығара білуге үйрету ұсынылды. 
Ф.Н.Блехер жасаған оқыту мазмұнына сәйкес балар кеңістік, 
заттардың уақыт қатынастары мен қоршаған дүние құбылыста-
рының әлеміне ендірілді. Олар ойындарда заттарды өлшемі 
бойынша салыстыруды игерді, геометриялық пішіндермен, кеңіс-
тік бағыттарымен, уақыт ұзақтығын бағалау тәсілдерімен танысты. 
Алға қойған міндеттерді орындау үшін Ф.Н.Блехер екі сюжетті 
пайдалануды ұсынды: өмірде пайда болатын көптеген себептердің 
бәрін пайдалану арқылы балалрда сандық түсініктерді қалыптас-
тыру және арнаулы ойындар мен сабақтар өткізу. Оның пікірінше, 
балалар тәжірибелік өмір жағдайларына (мысалы, жаңа ғана сатып 
әкелінген қуыршақтарға қанша кереуер керек екенін анықтау) 
белсене қатысуы, үлкендердің тапсырмаларын орындауы (жұмыс 
істеуі арқылы) керек. Ойындарда, сабақтарда көрнекі материал-
дармен жұмыс істеу арқылы заттардың тобын құруға, салысты-
руға, есептеп шығаруға,аз нәрседен сандар құрастыруға, сол не-
месе басқа санды көрсететін цифрларды табуға және т.б. жаттығу. 
Сабақтарда оқытуды ол өзгеше деп түсінді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет