Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ


АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет16/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
Математика
docx1548691362 (21), 9. Определение тяжести состояния детей по ИВБДВ, Развитие речи, тарих гос сурак-отв дурысы (1)
 
АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР 
МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ 
 
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен психо-
логиялық-педагогикалық зерттеулер қарапайым математикалық 
түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің одан әрі жетіліп ба-
лаларға математиканы үйрету мазмұны мен әдістерінің арнасының 
кеңеюіне жол ашып, тәжірибелік жұмыстардың мазмұндылығын 
қамтамасыз етті. 1958 ж. Шыққан Ф.А.Михайлованың «Есептеуге, 
санауға үйретуге арналған сабақтар» атты еңбегінде алдыңғы 
қатарлы озық тәжірибелер топтастырылды. Балалрды санауға 


32 
үйрету мазмұны мен әдістері қарастырылды. Сонымен көрнекі 
құралдардың маңызы туралы жан-жақты айтты. 
Сол тұстағы көптеген зерттеушілердің еңбектерінде санау 
ұғымдарын қалыптастырумен қатар, өлшеу дағдыларын бекітуге 
де мән бірілді. Көптеген педагогикалық зерттеулерде балаларға ең 
басты екі амалды үйрету санауға дағдыландыру және қарапйым 
амалдар қолдана отырып, есептеуге үйретуге, соның ішінде, 1-ден 
10-ға дейінгі сандар құрамын үйрету, санау әрекетін жетілдіруге 
мән берілді. 
Сандарды, санауды үйрету ең алдымен, есептеуге дағдылан-
дырудың алғышарты ретінде қарастырылды. 
Есептеуге дағдыландыруда қосу, азайту амалдарына бір 
мезгілде үйретуге де айрықша мән берілді. 
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру маз-
мұны мен әдістері психолгтар мен математиктердің жұмыстарына 
да негіз бола алды. Мамандар оқытуды жаңалау мәселелерін де сөз 
етті, бұл баланың жалпы және математикалық қабілеттерінің 
дамуына да әсерін тигізері сөзсіз. 
Психологтар қарапайым математикалық түсініктерді қалып-
тастырудың негізі ретінде түрлі заттық әрекеттердің мазмұн-
дарына да көңіл бөлді. П.Я.Гальперин бастапқы математикалық 
ұғымдар мен әрекеттерін дамыту мақсатында өлшеуді әр қырынан 
зерттеп, өлшеу арқылы бірліктерді үйретуге болатынын айтты. 
В.В.Давыдов зерттеулерінде санаудың ақыл-ой дамуындағы 
психологиялық механизм ретіндегі құндылығы баяндалды. Сан 
ұғымы генезисі кез келген көлемге қатысты қарастырылды 
(Г.А.Коренеева). 
Қалыптасқан дәстүрлі әдістемелік бағытқа (сан – амал 
нәтижесі) да өзгеріс енгізілді, ең алдымен ұғымның өзін жан-
жақты қарастыру әдісіне мән берілді, ал сан өлшем бірлігі ретінде 
ғана қарастырылды. 
Жаңа міндеттер тұрғысынан зерттеулерге талдау жасау
ғалымдарды мынадай тұжырымдар жасауға итермеледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет