«Арифметикалық төрт амал» Математика пәнінен факультативтік курс жоспары 4 сынып



бет2/9
Дата22.02.2020
өлшемі21,32 Mb.
#58823
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4 сынып факультатив
4 сынып факультатив

ТҮСІНІК ХАТ
Математика пәні қызық та, күрделі пәндердің бірі. Көбіне оқушылардың білім деңгейіне,дайындығына сәйкес, уақыттың болуына қарай өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырмалар ұсынып отырамыз. Бұл жұмыс түрі 4-сыныптағы баланың бағдарламаға қаншалықты түсінгенін көрсетеді, әрі өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады, математикалық білімді жүйелейді.

Ұсынылып отырған жинаққа енгізілген тапсырмалар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді деп ойлаймыз. Себебі, тапсырмалар оқулықтың тақырыптары мен тарауларына сәйкестендірілген:

1.Көп таңбалы сандар

2.Шамалармен жүргізілетін есептеулер

3.Теңдеулер және оларды шешу

4.Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері

5.Есептер және оларды шығару

«Математика ақыл-ойды биік шыңға жеткізеді.

Бұл құрал оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, берілген материалдарды еркін меңгеру үшін тиімді де, пайдалы әрі пән мұғаліміне көмекші құрал болады деп құрастырылып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, меңгеру деңгейін ескеріп, 4-сыныпты қамти отыра математикадан терең ойлау қабілеттерін арттыру барысында  «Арифметикалық төрт амал» атты факультативтік курс аптасына 1 сағат көлемінде алынып, 4 -сыныпқа 34 сағатты қамтиды. 

Арифметикалық төрт амал факультативінің мақсаты:

Арифметикалық амалдар туралы білімдерін ,амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезінде амалдар тәсілін қолдана білуге баулу. Арифметикалық төрт амал және олардың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін терең меңгерту. Жылдам есептеу қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру. Логикалық , қызықты есептерді шешу қабілеттерін нығайту.



Міндеті:

1.Танымдылыққа ізденімпаздыққа ,оқушылардың өз ойын толық жеткізе білуге,тапқырлыққа, логикалық терең ойлауға баулу.

2.Арифметикалық амалдар, олардың қасиеттерін үйрету.

3.Көп таңбалы сандарды жазу, есептей білу дағдыларын қалыптастыру.

4.Ауызша ,жазбаша жылдам есептеу дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың математикалық түсініктері, есептеу дағдылары, есептің белгілі бір түрін шығара білу дағдылары қалыптасада. Оқушылардың логикалық ойлау, еске сақтау қабілеттері, зейіні, заттар мен құбылыстарды талдауы, салыстыра алу дағдылары дамиды.



Нәтижесінде :

  • Бір таңбалы сандардың қосу мен көбейту кестесін;

  • Жақшалы, жақшасыз сандық өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін;

  • Арифметикалық амалдардың кері байланысы және тура теңдіктер қасиеттеріне негізделген теңдеуді шешу тәсілдерін еркін меңгереді.


Арифметикалық төрт амал.

4-сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары




Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1

Арифметикалық амалдар қасиеттері.

1

2

«Ойна да, ойла»

1

3

Сиқырлы шеңбер.

1

4

Сандар нумерациясына негізделген есептерді шығару.

1

5

Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу.

1

6

Сиқырлы сандар әлемінде.

1

7

Математикалық басқатырғыш.

1

8

Сиқырлы фигуралар.

1

9

Арифметикалық есептер.

1

10

Арифметикалық лабиринт.

1

11

Қызық есептер әлемінде

1

12

Логикалық есептер еліне саяхат

1

13

Ауызша және жазбаша көбейту амалдарына берілген есептер.

1

14

Масса және оның өлшем бірліктеріне шолу.

1

15

Көңілді тапқышбектер.

1

16

Математикалық эстафета.

1

17

Амалдардың орындалу рет тәртібі .Жақшалар.

1

18

Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу есептері.

1

19

Сиқырлы шеңбер.(арифметикалық амалдарды қолдана отырып шығару)

1

20

Белгісіздер әлеміне саяхат

1

21

Сандық ребустар мен есептеулер.

1

22

Қызықты мазмұнды есептер.

1

23

Көбейту мен бөлуге арналған қызықты есептер.

1

24

Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.

1

25

Ойлы болсаң ,озып көр!

1

26

Есепте, дұрыс аяқта.

1

27

Даму деңгейін анықтау тапсырмалары

1

28

Теңдеу, теңдіктер мен теңсіздіктер.

1

29

Ойна да ойла.

1

30

Көңілді жаттығулар.

1

31

Алгебралық сипаттағы дәстүрден тыс тапсырмалар.

1

32

Арифметикалық амалдар еліне саяхат.

1

33

Көп таңбалы сандарға байланысты логикалық тапсырмалар

1

34

Ойлан,тап!

1

Құрастырған бастауыш сынып мұғалімдері:

Бимахан Г.М ; Нұрғалиева О.Б
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Математика Р.Мәженқызы

2.Қызықты есептер Г .Әуезова Г. Ертілесова

3. Ертегі есептер Қ. Нұрсұлтанов

4.111 жұмбақ есептер. Ш. Күмісбайұлы

5. Балдырғандарға арналған геометрия. В.Т Житомирский

6. Қызықты математика Ә.Б Ақбаева ,Л.А Лебедова, В.В Буровова

7.Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева

8.Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.



Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды санды көбейтіндіге көбейту тәсілімен таныстыру; есептеудің тиімді тәсілін қолдануды үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.

Көрнекілігі: қызықты тапсырмалар,карточка

Сабақтың барысы:

Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.

1.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін қайталау.

Ол үшін мынадай тапсырма ұсынылады.

Бірінші қатардағы мысалдың жауабын пайдаланып ,тиімді есепте.

89 +111 560 +440

89 + 2 345 +111 560 + 358 +440

2. Математикалық диктант.

* 560 ты 2 есе арттыр

* 560 ты 200-ге арттыр

* 250 мен 2 сандарының бөліндісін тап

*230 бен 3 сандарының көбейтіндісін тап

* 89 бен 2 есе көбейт

Сергіту сәті: Мен бақытты баламын

Жан дүниемде күн нұрлы.

Жылуым мол бойымда

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.


3 .«Кім жылдам ?» ойыны

18 42 23 17


х 30 х10 х30 х20

х 2 х7 х5 х10

х 32 х12 х32 х22
4.Теңдіктер тура болатындай етіп жақшаларды қой

2 820 – 960 : 6 + 280 = 2 380 6 900 – 900 : 6 – 670= 33



Қорытынды: Көбейту кестесін қайталату барысында «Баспалдақ» ойынын ойнату.
Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы шеңбер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын түрінде есептер шығарту, ой өрісін ,ойлау қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Көрнекілік: сиқырлы сандар, логикалық жаттығулар т.б

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық



Оқушылар шеңберге тұрып жылдам есептер шығару қажет.

1. «Кім шап-шаң» ойыны

* Кепкен жүзім

*Түтін шығатын қондырғы

* Үлкен маңызды жол

*Қыста болатын ызғарлы суық

*Адамның бетін қарыған аяз

*Өзенде қатқан мұздың көктемде еріп ,сынып ,су ағынымен аққан бөліктері

2.Қалауыңша дөңгелекшелерге цифрлар жаз.Меңзер үлкен цифр жазылған дөңгелекшелерден кіші цифр жазылған дөңгелекшелерге бағытталған болсын.


3. Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейтіп, бөлу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет