Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnancіa»* сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан)



бет19/29
Дата19.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#139930
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
Қаржы сурак жауап
СРС ТИТУЛЬНЫЙ
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады: табысқа салынатын салық. Бұған корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады; тауар­ға салынатын салықтар. Олар қосылған құн салығын, акциздерді, кедендік баждарды кіріктіреді; капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлік салығы және басқалар жатады.
Салық өлшемі – есеп-қисап үшін белгіленген салық объектін өлшеу бірлігі
(1 теңге, 1 метр, жердің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары).
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі салық салу объектінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеу бойынша салықтық міндеттеменің мөлшерін білдіреді. Ол салық салу нормасын сипаттайды және салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді; салық төлеушінің табысына пайыздармен тұлғаланатын мөлшерлеме салық квотасы деп аталады.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі, табыс көлеміне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне);
пайыздық мөлшерлемелер.Олардың үш түрі болады: пропорционалды, прогрессивті және регрессивті.
Пропорционалды салық мөлшерлемесі, салық объектіне (оның мөлшерін саралаудың есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді. Прогрессивті салық мөлшерлемесі, табыстың артуына карай мөлшерлеменің өсуін қажетсінеді.
Регрессивті салық мөлшерлемесі. Табыстың кемуіне қарай мөлшерлеменің төмендеуін қажетсінеді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салықпұл –субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.
Салық режімі –салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салықтық міндеттемелерді есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет