«Қаржылық есеп» пәнінен сұрақтар


Ақшалай қаржылардың эквиваленттері



бет6/24
Дата07.02.2022
өлшемі69,93 Kb.
#92528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ответы госэкз

Ақшалай қаржылардың эквиваленттері- қысқа мерзімді, жоғары өтімді салулар, олар ақшалай қаржылардың анықталған сомасына және бағалықтардың өзгеруіне тәуекелге душар ететін салулар.
Ақша баламалары (эквиваленті)бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.
Овердрафт дегеніміз ұйымның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт ұйымдар мен кәсіпорындардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома ұйымның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатынад бөлек көрсетілуі керек.
Шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттардың есебі үшін 1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:
1010 – «Кассадағы ақшалай қаржылар»;
1020 – «Жолдағы ақшалай қаржылар»;
1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар»;
1040 – «Карт- шоттардағы ақшалай қаржылар»;
1050 – «Жинақ шоттардағы ақшалай қаржылар»;
1060 – «Басқа да ақшалай қаржылар».

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі үшін 1210 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы” және 2110 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы” шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың дебеті бойынша қарыздардың қалдығы және оның пайда болуы, ал кредитінен – жойылуы көрсетіледі.
Бұл шотта сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге көрсетілген және жөнелтілген өнімдер, қызметтер мен жұмыстар үшін есеп айырысу құжаттары төлемге банкпен қабылданған есеп айырысулар туралы ақпараттар көрсетіледі.
Сатып алушыларға көрсетілген есеп айырысу құжаттарындағы сомаларға 1210 шот дебеттеліп, 6010, 6210 шоттар кредиттеледі.
Несие –бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғағаәдетте келісілген мөлшерде пайыз алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет