«Қаржылық есеп» пәнінен сұрақтар



бет7/24
Дата07.02.2022
өлшемі69,93 Kb.
#92528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
ответы госэкз

Коммерциялық несие- бір субъектінің екінші бір субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі- субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтерге байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Берілетін уақыт аралығына байланысты банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.
Несиенің объективті қажеттілігі- бұл, субъектінің өндірістік және сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды.
Қысқа мерзімді кредит әдетте 12 айдан аспайтын мерзімге кредиттелетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі.

26.Банктегі ұлттық валютадағы ағымдағы корреспонденттік шот ашу тәртібі және операцияларын құжатты рәсімдеу


Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттық қатынастарды көрсетеді. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдағы, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Тиісті заңдарға сәйкес барлық ұйымдар өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелеріндегі есеп айырысу шоттарында ақша қаражаттарын сақтауға міңдетті. Есеп айырысу шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады:
- шотты ашуға берілетін өтініш;
- қойылатын қолдар мен мөртаңбалары үлгілерімен карточкалары;
- субъектінің салық есебіне қою дерегін растайтын салық қызметі органының анықтамасы;
- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
- жарғы көшірмесі;
- құрылтай шартының көшірмесі /құрылтайшылар саны біреуден асқан ретте/.
Ұйымдар ағымдағы банктік шоттарды бірнеше банктерден ашуына құқылы, бірақ шоттарды ашқаны туралы салық органдарына хабарлауы керек.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақшалай қаржылар» шотында жүргізіледі.

27.Ақшасыз есеп айырысу формалары.


Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; акцепті форма бойынша; почталық және телеграфтық аударымдар болып табылады.
Чек - шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іс-сапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы. Кәсіпорын алатын ақшаның мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіледі, оны бір дана етіп сиямен жазады. Чекпен бір мезгілде чек кітапшасында сақталатын түбірі толтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет