Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар!



Дата19.12.2022
өлшемі18,64 Kb.
#163275
Байланысты:
Ақбілек
педагогика 1, 10-сынып Био зертханалык жұмыс (1), Туркия 17-20 ғ слайд-2023


Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Бүгінгі біздің, яғни 10 А сынып оқушыларының, қазақ әдебиеті пәнінен Жүсіпбек Аймауытовтың “Ақбілек” романы бойынша сценариін өзіміз дайындаған “театрланған қойылым әдісі” бойынша өтетін сабағымызға қош келіпсіздер.
Жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері болған Жүсіпбек Аймауытовтың көпшілікке белгілі шығармасы “Ақбілек” роман мазмұнын өлең тілімен өрнектеп сіздерге жеткізуші мен А Дәулетбек.
(өз өлеңін айтады).
Болды бұл жай Алтайдың тауларында,
Суы мөлдір Өскеменнің аумағында.
Мамырбай дүйім жұртқа аты аян,
Аухатты адам, танысы көп жан -жағында.
Күз келуде ызғар желі ызынаған,
Малайлар жүгіруде құжынаған,
Бір күні байлардың үйін жамап,
Екінші күн отар- отар малын қарап.
1- көрініс. (Мамырбай ауылы. Ақбілектің жайма шуақ өмірі)
Көріністен соң:
Ел тарихындағы 1917 жылғы Ресей патшасының тақтан құлауымен басталған азамат соғысының сұрапылы қазақ ауылдарына да жеткен еді. Патша өкіметінің ақ гвардияшылары жолындағының барлығын аямай жайпап қашып бара жатты.Бұл ылаң Марқакөл жағасын мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылына да келді.

  1. көрініс. (Орыс әскерінің зорлығы. Мұқаш іс әрекеті ).

  2. көрініс.

Мұқаштың монологы.
Көріністен соң:
Мұқаш туралы өз өлеңін айтады.
Мұқаш атты ұл шыққан осы елден,
Өз ұлтын ақшаға айырбастап.
Орыстарға қосылған орта белден,
Басын бұрды ел жұрты ондай ерден.
Мұқаштың Мамырбайда кегі болды,
Уақыт аңдып әр сәт сайын ол қу неме.
Іздеп жүрді кек қайтарар бір күнді,
Кегін алар сәт міне болды.
Орыс айтты «сұлу қыз тауып бер» деп,
«Оны бізге қонысқа алып кел» деп.
Мұқаш тағы орысқа ұнау үшін,
Шаба кетті, «табамын маған сен» деп.
Ақбілек бойжеткен ғой аса сұлу,
Ойында жоқ, артық жерде ойнап күлу.
Мына өмірде оның бар бір жазығы,
Жауы көп Мамырбайдың қызы болу.
Ақбілек өмірінде сұмдық жағдайлар енді басталады. Бірауыз орысша білмейтін соры қайнаған жас қыздың азап қорлыққа толы, өлім мен өмір, өң мен түс арасындағы күндері басталады. Қайдағы бір ақ офицерінің ермегі болады.
Артта қуып келе жатқан қызыл әскерлердің дүмпуінен қорқып, бастарын сауғалаған бандылар Ақбілекті ескі жұртқа тастап қашып кетеді.
Қайда барарын білмеген Ақбілек тау мен орманда жалғыз қалады. Қараңғы түнде айнала қоршаған дала қасқырларынан есі кете қорқа жүріп, от тұтату ойына келіп, таң атқанша арпалысып аман қалады. Таң ата ескі сүрлеуге түсіп, қайда, қалай барарын білмей сандатылып Ақбілек келеді.


  1. көрініс. (Ақбілек пен диуана).

Көріністен соң:
Қорлық пен зорлықтан құтылып, қасқырға жем бола жаздап, арып ашып, ажал тырнағынан әрең құтылып, өз туған ауылына келген Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық күтіп тұр еді. Нағыз тозақ енді басталғандай. Алдымен жандары ашығандай болып, мүсіркегенмен, ауыл адамдарының өрттей қаулаған өсегінен, пыш пыш сөздерінен Ақбілектің жаны күйді.

  1. көрініс. (Ақбілек пен жеңгесі Ұрқия).

Көріністен соң:
Ақбілектің тағдыры қара тастай ауыр болды. Басынан өткізген жағдайлар оны шыңырау түбіне батырды. Бұрынғы ғашық болған жігіті Бекболат та мән жайды білген соң, теріс айналды. Ақбілек қайғыдан бүгілгенмен өлмеді.
Заман ағысы, өмір толқыны бірте бірте қайғыны емдеді. Қалада оқып, қызмет жасайтын ағасы Төлеген Ақбілекті қалаға өзімен бірге алып кетеді. Ақбілек Семей қаласында оқып, сауат ашады. Одан соң Омбы қаласына барып, білімін толықтырады. Өмірі бір қалыпқа түсе бастайды. Келер күнге деген құлшынысы мен үміті оянады.


  1. көрініс. (Ақбілек пен Камила).

Көріністен соң:
Жылдар өтті. Ақбілек оқи жүріп, түрлі адамдардың ортасында болды. Жақсы адамдардан өзіне үлгі алды, дос болды. Жаман адамдардан аулақ жүрді. Бар ойы алдына қойған мақсатына жету болды. Осы арман жолында жүріп, өзін түсінетін, өмірлік жолдас болатын жарын да кездестіреді. Ол жігіт те оқыған, ел қызметінде жүрген Балташ деген азамат еді.


  1. көрініс. (Оқуын аяқтаған, білімді Ақбілек Балташпен бірге өз туған ауылында).


8-көрініс.
(Ақбілек кішкентай іні сіңілдерімен бірге). Ақбілек монологы.

Соңы. Барлық оқушылар сахнаға шығады. Орындаған рөлдеріндегі оқушылармен жүргізуші таныстырады

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет