Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Көру мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы



бет24/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
26. Көру мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы.

Көру анализаторы – күрделі нервтірецепторлы жүйе, ол жарықты тітіркедіргішті қабылдауға жǝне  оған анализ жасауға арналған: 4 бөлімнен түрады–шеткі немесе рецепторлы, жарық қабылдаушы тор қабықпен , олардың рецепторларымен келтірілген (таяқшалар мен құтышалармен).

• өткізу жолдары: олар көру нервісі, хиазмамен, көру трактісімен ;

• ми қыртысы асты орталықтары сыртқы тізелі дене мен Грациоле тұйінімен келтірілген.;

• орталық бөлімі, Көз ағзасы қорғаныс аппаратынан (қабақтар мен көз ұясы), қосалқы аппараттан (жас ағзалары, бұлшық еттер, қан тамырлыры, нервтер) жǝне көз алмасынан тұрады. Көз алмасында  көру-нерв  аппараты (тор қабық пен көру нервісі) жǝне диоптрилік аппаратты (көз ішілік сұйық, қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тǝрізді дене) ажыратады. Қабақтар 4 қабаттан тұрады: тері, бұлшық еттер, шеміршек, конъюнктива немесе дǝнекер қабат. Қабақтардың терісінің анатомиялық ерекшеліктері тері асты май қабатының болмауы, сол себепті тері жеңіл жыйырылады жǝне ісік тез тарайды. Бұлшық еттер- жоғарғы қабақты көтеретін бұлшық ет (ол қөз қимылдатқыш нервпен нервтенеді) жǝне шеңберлі бұлшық ет (бет нервісімен). Шеміршек қабаққа форма беретін жұқа байланыс тінді пластинкамен келтірілген. Конъюктиваның  3 бөлімін ажыратады (қабақ конъюнктивасы, өтпелі қатпарлардың-жоғарғы жǝне төменгі күмбездердің, көз алмасының немесе склераның). Көз ұясының  4 қабырғасы бар: жоғарғы– алдыңғы ми шұңқырымен шекаралас,сол себептен патологиялық процесстер өзара көшуі мүмкін. Қан тамырлары: негізгі қанмен қамтамасыз ететін артерия көз артериясы.Ол ішкі ұйқы артериясының тарамы  жǝне көз ұясына көру тесігі арқылы енеді. Көз артериясынан көру нервісіне 6-12 тарамдар тарамданады; оның ішінде ең ірісі ТОА мен бірге жұреді (шатыраш қабық пен кірпікті денеден), вортикозды (2жоғарғы веналар). Шыны тǝрізді дененің қызыметі – оптикалық, тор қабықты бекітуші. Қасаң қабық, көз бұршағы шыны тǝрізді дене жǝне көздің ішкі сүйығы көздің оптикалық жүйесін құрайды, жарықты сындыру күші орташа 60,0 Д, оның 40,0 Д қасаң қабыққа , 18,0 Д –көз бұршағына,1,8 Д –шыны тǝрізді денеге жǝне 0,2 Д –   КІС келеді. Көздің оптикалық жүйесі Тор қабаттың шет бөлімі жарықты қабылдап, нерв импульсына айналдырады да, өткізу жолдары  миға жеткізеді. ми қыртысында нерв импульстері  бейнеге айналады. И. М. Сеченов пен И. П. Павлов ғылымына жүгінетін болсақ, көру қабілеті дегеніміз сыртқы ортаны сезім ағзаларын анық жǝне айқын  қабылдау, ал сапасы мен заттың қасиеттері сезім ағзаларына байланыссыз  анатомия. Көз ұясының (көз ұясының анантомофизиологиялық) ерекшеліктері. Орбита төрт қырлы пирамида тǝрізді, жіңішкерген төбесі бас миына қарай , ал кеңейген негізі (түбі) алдыға қарай бағытталған. 4 қабырғасының ішінде сыртқы қабырғасы ең берік жǝне қалың. Ол самай шұңқырымен шекаралас орналасқан. Оны құрайтын сүйектер: 1 –шықшыт, 2-маңдай сүйегі, 3- негізгі сүйектің негізгі қанаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет