Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын тж



бет5/7
Дата26.04.2023
өлшемі43,31 Kb.
#175461
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын тж-melimde.com
Айбол слайд1
Сары ауру
Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ешқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Зақымданған адамның асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу тәсілдерінің көмегімен диагнозды дұрыс қойып, ем береді және режим диета белгілейді, асқынудың алдын алады. Инкубациялық кезеңнен соң дененің сарғаюы басталады. Алайда аурудың сарғаймайтын формасы да кездеседі, аурудың мұндай түрі айналадағы адамдарға қауіпті. Егер ауырған адам дер кезінде емделмесе, үш аптадан соң дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасып кетеді.
Құдықтарды таза ұстау қажет. Оларға жақын жерде қоқыс үйінділері, мал суаттары жақын болмауы қажет. Ауыз су құдығының түбі мен қабырғасын лайдан қоқыстардан тазалап, оқтын-оқтын хлорды әк тәрісімен зарарсыздандыру керек. Әрбір нысандарда дәретханалары мен қоқыс жәшіктері болуға тиісті. Вирусты гепатит тағам өнімдері арқылы да берілетін болғандықтан асхана, кафе, азық-түлік дүкендерінде санитария ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді қайнаған су мен жуу керек. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде балалар санының артық болмауын және оларда тазалықтың сақталуын қадағалап отырған абзал. Балалар әрдайым медициналық тексеруден өтуі тиісті. Сапалы сумен, тамақпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етулері қажет. Ауру шыққан үйлерде, мектептерде, балабақшаларда, т.б. нысандарда дизенфекция 3% хлорлы дәрімен міндетті түрде тазалануы қажет. 35 күн бойына ауру мен қарым-қатынаста болған адамдарға медициналық бақылау орнатылады күдікті адамдар оқшаулануға тиісті. Туберкулез ауруы  асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрдеі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын микобактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, шеттен келген келімсектер құрайды. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік жағдайы жақсы адамдардың арасында да туберкулезге шалдығушылар саны артуда. Жоғарыда аталған адамдардан кейін олармен жақын қатынаста болған адамдар — абақты қызметкерлері, дәрігерлер, әлеуметтік сауықтыру орталығындағы қызметкерлер және науқас адаммен бірге тұратын туған-туыстары.
Туберкулез таяқшалары бала кезден немесе жасөспірім кездерде пайда болады. Бірақ барлық адам ауыра қоймайды. Егер жақсы тамақтанып, жақсы күтініп және салауатты өмір салтын (ішімдік ішпей, темекі шекпей, спортпен айналысып) ұстанатын болса, онда адамның иммундық жүйесі туберкулездің тууына жол бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет